Мен көршілік міндетімді ғана орындадым...
Мен көршілік міндетімді ғана орындадым...
15.05.2019 16:20
1376
0

Имам Ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, отбасында жанжал шығарып имамның мазасын алатын. Сол жігіт бірде абақтыға қамалады. Имам мән­жайды білгенде, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт:

 «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге түрмеден шығарам деп әурелендіңіз?», – деп сұрапты. Сонда үлкен парасат егесі имам:

 «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті.

Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі... 

0 пікір