Мектеп оқушысының жиһады не?
Мектеп оқушысының жиһады не?
19.10.2015 15:27
1666
0

 - Бір жігіт: - Өзім мектеп оқушысымын, Алланың жолында жиһад жасай аламын ба? - деп сұрады.

Алла разы болсын, негізінде, бұл жақсы ниет. Cол ниетіңе қарай сауап аласың. Ал оқушының міндеті һәм оның жиһады - білім алу. Өйткені білім-ғылым оқумен, тоқумен ғана келеді. Ислам дінін дұрыс үйреніп, оның құндылықтарын дұрыс орындайтын болсақ, осының өзі жиһад саналады. Жиһад – ол тырысу, әрекет ету, қажыр-қайрат жұмсау, бір мақсатқа қол жеткізу үшін күш жұмсау дегенге саяды.

       Бір кісіден: Өміріңнің бір-ақ күні қалды, ертең өлесің десе, не істер едің? – деп сұралған екен. Сонда ол: «Тек білім-ғылым үйренер едім. Өйткені ғылым үйренусауабы мол іс», - деп жауап қайырады.

       Ендеше, Алла жолында жиһад жасағысы келген адам ғылым үйренгені дұрыс. Сол алған білімін, ғылымын өмірде іске асырсын. Ата-ананы сыйлау, туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау, көршімен тату тұру, достыққа адал болу, аманатқа қиянат жасамау, уәдені бұзбау, өтірік айтпау - осының бәрі Алла  жолында жиһад жасау болып табылады. Сондай-ақ, жақсылықты насихаттау, һәм жамандықтан тыйылу да жиһад.  

 

0 пікір