«Мейрам» және «Мереке» – нің айырмасы не!
«Мейрам» және «Мереке» – нің айырмасы не!
12.03.2018 14:15
657
0

«Мейрам» және «Мереке» – қайсысы қай кезде айтылады?

 «Мейрам» және «мереке» сөздері синоним болғанымен, екеуінің қолданылуы екі бөлек.

8 наурызда «Мерекеңізбен!» деп құттықтаймыз.

22 наурызда «Мейрамыңызбен!» деп айтамыз. 

Себебі:

Мереке – мемлекеттік, ресми түрде, заңмен бекітілген салтанатты оқиғалар. Мысалы Тәуелсіздік мерекесі, Президент күні, Тілдер мерекесі, Халықаралық әйелдер мерекесі. Туған күн кештері, отырыс-жиын, концерт, той секілді жалпыхалықтықтық үрдіске ие емес кештерді де мереке ретінде танимыз. 

 Мейрам – жалпыхалықтық сипатта, тарихи қалыптасқан, дәстүрге айналған салтанат.  Мәселен Наурыз – ежелден тойланып келе жатқан ұлттық мейрамы, Құрбан айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы, Қымызмұрындық – бие байлап, алғаш қымыз ішу рәсімі ғана емес, дәстүрге айналған халықтық мейрам.  Мерекеге қарағанда мейрамның аясы кең, халықаралық мәртебеге ие. 

Халық арасында мемлекеттік меркелерді дәстүрлі түрде мейрам дей береді, алайда екі ұғымның айырмашылығы бар.

 

 

Massaget.kz

0 пікір