МЕЙІРІМ ҚҰШАҒЫ...
МЕЙІРІМ ҚҰШАҒЫ...
02.03.2021 14:59
156
0

Балаларымызға қатты көңіл бөлу дегеніміз – оларды орынсыз тыйымдармен шектеу деген сөз емес. Бұл ісімізді мейір-шапағытымызды төгіп, құшағымызды жайып, бар ықыласымызбен атқарғанымыз жөн. Әсте ашу шақырып, жек көрінішті болмауымыз керек. Балаларымызды қастарында болсақ та, болмасақ та өздерін бақылауда жүргендей, сезінетіндей етіп тәрбиелеуіміз қажет. Мысалы, қандай да бір әрекет жасағанда олар өз-өздерінен:

- Пайғамбарымыз (с.а.с.) менің бұл әрекетімді ұнатар ма екен? – деп, сұрай алулары керек. Бұл тәртіп сақшыларынан да бетер әсерлі әрі қадағалаушы әрекет.

Ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиелеушілер балалардың тек сүйіспеншілікті ұнататынын естерінен шығармаулары керек. Ұлы кемеңгерлер де қорқыныштарынан гөрі Алланы шын сүйетіндіктері үшін күнә істерден қашқанда өте қатты әсерленіп, рухани марқайып қалмайтын ба еді? Олай болса, сүйіспеншілік пен мейірімділік барлық тәрбиешілердің басты ерекшелігі болуы қажет. Осы ерекшеліктер – қолымыздағы аманаттарды қорғаудың қайнар көзі.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін ең алдымен адам өзін іштей әрі сырттай тәрбиелеуі қажет. Өйткені ғылым мен парасатты санаға орнықтыру үшін ауыз жеткілікті, ал оны жүрекке орнықтыру үшін, оның шын көңілден шығуы керек. Бұл үшін де руханиятқа бай жүрек қажет. Әйтпесе бабаларымыздың:

                             Өзі мұқтаж медетке бір адам,
                             Қалай берсін медет өзгеге ол адам.

- деп айтқандай, өзі мейірімге мұқтаж адам өзгелерге қайдан мейірім төгеді.

 

0 пікір