МАРҚҰМДЫ СҮЮГЕ БОЛА МА?
МАРҚҰМДЫ СҮЮГЕ БОЛА МА?
17.11.2019 20:15
11513
0

Сұрақ:  Ел арасында қайтыс болған марқұммен қоштасу үрдісі бар. Сол кезде, марқұмды сүюге бола ма? Әлде, бұған рұқсат жоқ па?

Жауап: Иә, марқұмның бетінен және маңдайынан сүюге болады. Бұған негіз: «Қайтыс болған Осман бин Мазғұнды сүйді және Пайғамбар (с.ғ.с.) жылап тұрған еді[1]» және «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) қайтыс болған соң (маңдайынан) сүйді[2]» деген хадистер. Бұл екі хадисті де Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен.+

Осы мағыналас хадистерге сүйене отырып, имам Науауи: «Марқұмның бетінен етжақын туыстары мен жора-жолдастарының сүюіне рұқсат етіледі», - деген.

[1] Әбу Дәуіт

[2] Бұхари

 

 Муслим.кз

0 пікір