ЛҰҚПАН ХӘКІМНІҢ ҰЛЫНА АЙТҚАН НАСИХАТТАРЫ
ЛҰҚПАН ХӘКІМНІҢ ҰЛЫНА АЙТҚАН НАСИХАТТАРЫ
02.04.2020 11:56
1358
0

Ей, ұлым! Ұлы және құдіреті күшті Жаратушыны таны.

Кімге ақыл-насихат айтсаң, алдымен өзің жүзеге асыр. Сөйлеген сөзің өз қадіріңе лайық болсын. Адамдарды қадірлей біл. Көпшіліктің ақысын ойла, қиянат қылма. Өз сырыңды жасырын ұста. Досыңды басыңа күн туғанда сына. Надан мен опасыз адамға жолама.  Дана және білгір адамдармен дос бол. Ақкөңіл және дана кісілермен ақылдас. Жақсы жұмысты тастама, жаман жұмысты бастама.

Ата-анаң – үлкен дәулет. Ұстазың атаңнан да ұлық. Қаражатты табысыңа қарай жұмса. Бір үйге барғанда көзің мен тіліңе абай бол. Көпшіліктен бөлінбе, әр уақытта бірге бол.

Аз сөйлеп, аз тамақтануды әдет қыл. Әйел мен балаға сырыңды айтпа. Адамдардың жақсылығына күншілдік қылма. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырма. Көпшілікке жек көрінуші болма. Әжет сұрап келгендерді үмітсіз қайтарма. Байлығыңды дос-дұшпанға білдірме. Жақсы адамды жаман деме. Шын сөзді әзілге бұрма. Біреуді екінші адамның алдында ұялтпа. Айтқан сөзіңді екінші рет қайталама. Өзіңді және жақындарыңды бөтендердің алдында мақтама.

Ескі ұрыс-керісті еске алушы болма. Барша адамды құрметтей біл. Күн шыққанға дейін ұйықтама. Екі адам сөйлескенде сөзіне араласпа. Орынсыз жұмыстарға соқтығысып, абыройыңды төкпе. Адамдардың көреалмаушылығынан сақтан. Өзіңнің қор болмауыңды ойла. Мейірімді және кішіпейіл бол. Алладан қорық, халыққа ынсап қыл, ұлықтарға қызмет ет, кішілерге мейірім жаса, дәруіштерге қайыр-садақа бер, жастарға насихат айт, дұшпандарға ақкөңілдік көрсет және ғалымдарға еліктеумен өмір сүр.

Сосын осы өсиетіне Лұқпан хакім былай деп қосты:

Насихат жолында үш мың сөз жаздым, сол үш мыңнан үш мазмұнды таңдап алдым. Бұл үшеуден екеуін есте сақта, екеуін ұмытып жібер:

Біріншісі – Алланы және өлімнің ақиқаттығын есіңде сақта;

Екіншісі – істеген жақсылығыңды міндет қылмай естен шығар!

 

0 пікір