КҮНӘ!..
КҮНӘ!..
26.10.2020 09:08
225
0

Күнә істеген адам дүниеде және ахиретте үлкен қиыншылықтарға тап болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

 «Күнә істегенде жүректе бір қара дақ пайда болады. Егер тәубе етілсе, ол дақөшеді. Күнә істеу жалғасатын болса, ол дақүлкейіп, жүректі толығымен қаптайды» (Нәсаи). (Жүрек қарайғанда ғибадат жасау қиын болып қалады, күнәларды істеу оңай болады).

«Күнә істеуді жалғастырған адамдардың уақыт өте жүректері мөрленеді. Ол адам сауап істей алмайтын болып қалады». «Дерттерің – күнәлар, дауасы – истиғфар». (Адамдардың басына келетін барлық қиыншылықтар күнәлардың кесірінен келеді. Истфиғфар еткенде, яғни өкініп, тәубеге келгенде күнәлар өшіріледі).

«Өзін күнәлардан қорғамайтын адамды Алла Тағала (дүние мен ахиретте) пәлекеттерден қорғамайды» (Ибн Хузәйми). (Күнәдан сақтануға талпынатын болсақ, Алла Тағала да бізге жәрдем береді. Күнәға мән бермейтін болсақ, пәлекеттерден құтыла алмаймыз).

«Адам істеген күнәларының кесірінен ризығынан мақрұм қалады» (Хаким).

(Күнә істейтін адамның табысында берекет болмайды. Өмірі қиындықтардың арасында өтеді).

Әр күнәні өте қауіпті деп көру керек! Мұсылманның белгілерінің бірі – күнәсін өте қауіпті деп санайды. Хадис шәрифте: «Мүмин күнәсін басының түбінде тұрған таудай көреді, бірден үстіне құлайтынынан қорқады. Ал мұнафық мұрнына қонған шыбындай көреді, лезде ұшып кетеді деп санайды» делінген. (Бұхари).

Жасырын істелген бір күнәні әркімге айта беру де екінші бір күнә болады. Ондай күнәлардың кешірілуі қиын болады. Хадис шәрифте: «Әр мүмин кешіріледі, бірақ күнәсін басқаларға жария қылған адамдардан басқа» делінген. (Бұхари). Күнәні жасырын түрде де, ашық түрде де істеуге болмайды. Бір аяти кариманың мағынасы: «Ашық болса да, жасырын болса да, күнәлардан сақтаныңдар!» (Әнам 120). Бірақ жасырын жасалған бір күнәні жариялау бөлек күнә. Ибн Абидин хазреттері «Күнәсін жариялау бөлек бір күнә болады. Жасырын жасалған күнәні басқаларға айту да күнә» деген. Хадис шәрифте былай делінеді: «Бір күнә істеп қойған адам Алланың жамылғысын соныңүстіне жапсын!» (Мүслим).

0 пікір