Көркем мінездің пайдасы
Көркем мінездің пайдасы
01.11.2018 11:57
3068
0

 

Атам қазақ мақал-мәтелдерінің бірінде: «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі», - деген. Сонымен қатар «Он бәленің тоғызы тілден», «Ұрлық түбі – қорлық», «Біреуге ор қазба - өзің түсесің», «Жақсыға барсаң жадырап қайтарсың – жаманға барсаң жабығып қайтарсың», деп балаларымен немерелерін кішкентайынан тәрбиелеп отырған. Есейе келе дін мен дәстүрді қоса меңгерген ұрпағы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен.

Мінезі көркем адаммен дос болу, барлық адамның қалауы. Ал досы көпті дау алмасы анық. Басыңа күн түскенде шынайы достар ғана табылады. Өмірдің қай бұрышында, кімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға жәрдемші болу адамдықтың белгісі. «Алыс бар жерде беріс бар», - деген. Адамның жанын, адам ғана түсінері анық. Ендеше, кеңшілікте кең болсаң, таршылықта айналаңнан адамдарды табасың деген. Көркем мінез жемісін осы өмірде және ақыретте де берері анық.

Айша (Алла оған разы болсын): Хазрет пайғамбарымыз (с.а.у) былай айтты:

اللَّهُمَّ كَمَا حَسَّنْتَ خَلْقِي فَحَسِّنْ خُلُقِي

«Я, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!», - деп дұға ететін деді.

«Қияметте таразыны ауыр басатын бір ғана амал − Алладан қорқу мен көркем мінез» (Хадис)

 Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім», − деп өзінің ұлық мұратын паш етеді. Осылайша ол ислам діні негізінде адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екендігін дөп басып айтқан.

Алла елшісінің саналы ғұмыры негізінен көркем мінезді дәріптеуге арналды. Көркем мінез жайлы білмек болған бір кісіге Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Ей, Мұхаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер», − деген аятты оқып:

– Көркем мінез – туыстық қарым-қатынастарын үзгендермен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған жамандық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, – деп қорытқан.

Және бір жерде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қияметте амалдар өлшенгенде, таразыны ауыр басатын бірден-бір амал – Алладан қорқу мен көркем мінез» екенін айтқан.

Бір кісі Пайғамбарымызға келіп:

– Дін деген не? – деп сұрағанда:

– Ол – көркем мінез, – деп жауап қатқаны тағы бар.

Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше мәрте қайталаса да Пайғамбарымыздан: «Көркем мінез», − деген жауапты алған.

– Іс-амалдардың қайсысы жақсы? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз:

– Көркем мінез, – деген. Тағы басқа бірнеше хадистерінде:

– Алла бұл дінді өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Ояныңдар. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер;

– Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелдісі – мінез-құлқы ең жақсы болғаны;

– Мен үшін сіздердің ең сүйіктілеріңіз, сондай-ақ қиямет күні маған ең жақын болатындарыңыз – ең көркем мінезділеріңіз;

– Сірке балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та сол секілді ізгі амалдарды бұзады (жарамсыз етеді);

– Қайда болсаңдар да Алла тағаладан қорқыңдар! Жамандық жасасаңдар, артынша дереу оны жуып-шаятын жақсылық жасаңдар. Елмен қарым-қатынаста көркем мінезді болыңдар! − деп, бұның маңыздылығына үмбетінің назарын ерекше аудартқан.

Реті келгенде жылы жүзбен кісіге күле қарағанның өзі садақа болып есептелсе, кісі көңілін қалдыру мұсылмандар үшін аса қасиетті, киелі Қағбаны жыққанмен бірдей.

Пайғамбарымыз: «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім», − деу арқылы көркем мінездің өзінің пайғамбарлық ұлық мақсатымен тікелей байланысты екенін көрсетіп кеткен. Оның мінез-құлқы – Құранның тәлім берген сүттен ақ, судан таза ұстанымдарының жиынтығы. Айша анамыздан біреулер Пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайлы сұрағанда: «Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран ғой», − деп жауап беруі осының дәлелі.

Бірде біреулер Халид ибн Уәлидтен Пайғамбарымызды суреттеп беруін өтініпті. Халид болса Пайғамбарымыздың болмыс-бітімін тілмен айтып жеткізудің мүмкін еместігін айтады. Бірақ, ел-жұрт Халидтің ең болмағанда өз түсінік дәрежесінде айтып беруін өтінгенде:

– Жіберілген (елші) Жібергеннің ұлылығына сай болды. Ал Жіберуші күллі әлемнің жаратушысы болса, онда жіберілгеннің қандай болғанын өздерің ойлай беріңдер, – деп жауап берген екен.

Алла Тағалаға мақтаулар әрі оның елшісіне Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын.

Құран Кәрімде:

 

إِنَّ الدِّينَعِنْدَاللَّهِالإسلام

«Алланың қасында шынайы дін – Ислам...» – деп бұйырылады. (Әли ғимран сүресі, 19 аят). «Ислам» сөзі арабшадан қазақшаға аударғанда – «тыныштық, бейбітшілік, амандық, мойынұсыну, бағыну» деген мағыналарды білдіреді.

«Ислам» діні аты айтып тұрғандай бейбітшілік діні. Оның мақсаты Алла Тағалаға құлшылық қыла отырып, жер бетінде тепе-теңдікті, жақсылықты орнату. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Жердің бетін жамандықпен бұзбауға» шақырады. Адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, көркем мінезді ұстануға, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруға шақырады.

Бұл жайында көптеген ғасыр бойы тіл, фәлсафа және дін ғұламалары зерттеу жүргізіп, әртүрлі пікір жазған. Соған орай санқилы анықтама дайындалған. Бұл жайында тіл ғалымдары: «Көркем мінез – Ол әдемілік. Кез келген іс-әрекетті әдемі орындау», – десе, фәлсафа ғалымдары: «Адамдарға ұнамды болу керек, яғни симпатиясы жақсы болуы тиіс» – дейді. Ал, «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырған дін ғалымдары болса адам баласы жеке басына, отбасына, жұмысына, қоғамдық орындар мен құлшылығына қатысты іс-әрекетте әдепті болып, кез келген істі жақсы орындауы тиіс, тіпті, талас-тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау сынды күнделікті өмірде кездесетін талаптар мен міндеттерді, сондай-ақ соғыс кезінде орын алатын шарттарды шариғат талаптарын сақтай отырып, әдеппен атқаруы керек деген пікірді ұстанған.

Шындығында көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі. Алла елшісі (АллаТағаланыңигілігіменсәлеміболсын): «Әй Әбу хурайра! Саған көркем мінезді болуыңды өсиет етемін», – деген. Сонда Әбу хурайра: «Иә, Алланың елшісі (АллаТағаланыңигілігіменсәлеміболсын). Көркем мінез дегеніңіз не?» – деп сұрайды. Алла елшісі (АллаТағаланыңигілігіменсәлеміболсын): «Өзіңмен қарым-қатынасты үзгендермен араңды қос, саған зұлымдық қылғандарды кешір, саған сараңдық қылғандарға дүниеңмен бөліс», – деген екен.

Расында көркем мінездің түрі өте көп. Олардың қатарына кешірімді, тілектестікті, жомарттықты, шыншылдықты, аманатқа беріктікті, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, ұяттылықты жатқыза аламыз. Әдетте адамдардың арасында кездесетін барлық қарым-қатынас, іс-қимыл, әрекет, сауда-саттық кезінде жақсылық жасаудың кез келген жолы көркем мінез саналады. Ғаммар ұлы Ясирден (Аллаоғанразыболсын) келетін хадисте: Хазіреті Пайғамбарымыз (Алланыңигілігіменсәлеміболсын) былай бұйырған: «Көркем мінез – Алланың мінезі. Ал Алланың ұлы мінезі: жұмсақтық, сабыр, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген күнәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар», – деген.

Өкінішке орай, қазір адамдар Алла Тағаланың дінін бүгінгі мұсылманның кескін-келбетінен танитыны ақиқат. Соған орай құлшылыққа шақырушыға кейбіреулер: «Менің көршім намазхан немесе орамал тағады. Неге өйтеді? Неліктен олай айтады?», – деп жатқанын көреміз. Демек, кей мұсылманның әдепсіздігі, қатігездігі, күнәні ашық істеуі, уәдесінде тұрмауы, ұсқынсыз киінуі, кір-лас күйде жүруі, қарапайым этикетті сақтамауы өзгелердің Ислам дініне тіл тигізіп, балағаттауына, одан бет бұруына апарады. Әсілінде, адамдар Ислам дінін Құран Кәрімнен, Пайғамбар (АллаТағаланыңигілігіменсәлеміболсын) өмірінен, саңлақ сахабалар өнегесінен, ғалымдардың кітаптарынан, имамдардың уағыз-насихаттарынан тануы, білуі, үйренуі керек еді

Дін ғалымдары: «Шамаңның келгенінше адамдарға сауапты амал жаса. Егер жақсылық жасауға шамаң келмесе, онда жамандық (күнә) жасама», – дегенді ұдайы айтады. Турасында көркем мінезділік, жақсы өмір сүру адамдарды іс-әрекетімен ислам дініне шақыру саналады.

Атамыз қазақтың: «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі», – деген мақалы бар. Одан бөлек, «Он бәленің тоғызы тілден», «Ұрлық түбі – қорлық», «Біреуге ор қазба – өзің түсесің», «Жақсыға барсаң – жадырап, жаманға барсаң – жабығып қайтарсың», – деген нақыл сөздерімен баласы мен немересін тәрбиелеген. Соның арқасында есейе келе дін мен дәстүрді қоса меңгерген ұрпақ үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен.

Мінезі көркем адаммен дос болуды көпшілік қалайды. Ал досы көпті дау алмасы анық. Басыңа күн түскенде қасыңнан шынайы достар ғана табылады. Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға жәрдемші болу адамдықтың белгісі. Адамның жанын жақыны ғана түсінері анық. Ендеше, кеңшілікте кең болсаң, таршылықта адамдар қасыңнан табылады. Яғни, көркем мінез жемісін осы өмірде де, ақыретте де берері анық.

Мүбарак бір хадисте: «Мұсылман кісі көркем мінезімен күндізін қосымша оразамен, түнін нәпіл намазмен өткізген адамның дәрежесіне жетеді. Қияметтегі таразы басындағы амалдарды салмақты ететін де көркем мінез» делінген. Әбу хурайра (Аллаоғанразыболсын) жеткізген құдси хадисте: Хазірет Пайғамбарымыз (Алланыңигілігіменсәлеміболсын) былай бұйырды: «Алла Тағала Ибраһим ‘аләйһиссәләмға былай деген: «Досым!  Кәпірлерге болса да мінезіңді көркемдестір, игі жақсылардың жолына кіресің. Мінезін көркемдестірген кісіні ғаршымның астына көлеңкелетіп, жаннат суларымнан ішкізетінімді және оны маңайыма жақындататынымды уәде етемін» – деген.

Әнас (Аллаоғанразыболсын) айтты: Хазірет Пайғамбарымыз (Алланыңигілігіменсәлеміболсын) Әбузармен кездесті де: «Я Әбузар! Саған басқаларына қарағанда жүкте жеңіл, таразыда ауыр екі сипаттан өсиет етейін бе?» – деді. Әбузар: «Әрине, я расулаллаһ!», – деді. Хазірет пайғамбар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсы мінезді болуға ұқыпты бол және үнемі ауызыңа ие бол. Жаным құдырет қолында болған Алла Тағалаға ант етемін, адамның осы өмірдегі іс-әрекеті, амалдары, құлшылықтары арғы өмірінің көрінісі. Осы дүниеде не ексең, ақыретті соны орасың», – деген.

Адамдарды ұйытып алатындай көркем мінезге тек Алла Тағаладан дұға жасау арқылы сұрап алуға болады. Айша (Аллаоғанразыболсын) Хазірет пайғамбарымыз (Алланыңигілігіменсәлеміболсын) былай дұға жасағанын жеткізген: «Я, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!» – деп дұға ететін». Одан бөлек, Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (Алланыңигілігіменсәлеміболсын) өмірі жайлы деректерді көп оқу да мінездің көркем болуына әсер етеді. Айша анамыздан Пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайында сұрағанда: «Сендер Құранды оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран ғой», – деп жауап бергені белгілі.

Ендеше, құдіреті күшті Алла тағаладан мінезімізді көркем етіп, ахыреттегі есепте таразымыз сауап жағынан ауыр келуін сұраймыз.

Демек, әрбір адам жаман мінез бен лайықсыз қасиеттерден аулақ болып, көркем мінезге үйір болғаны дұрыс.  Бастысы, осы имандылыққа бет бұрып, көркем мінез иесі болуға тырысып, 

«...Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз», - деп Абай атамыз айтқандай, мінезіміз қанша келіспей тұрса да, парасатты адамдарға мейлінше ұқсауға тырысуымыз қажет. Айналамызға мейірім шашсақ, мерейіміз артары анық. 
Құрметті мұсылман бауырлар! Бір-бірімізге мейірімді һәм кешірімді, жанашыр, көркем мінезділік танытып, қамқор бала білейік!

 

Омаров  Әбдімүтәліп

 (Ақсу қалалық мешітінің бас имамы)

 

 

 

0 пікір