КӨП КҮЛКІ ЖҮРЕКТІ ӨЛТІРЕ МЕ?
КӨП КҮЛКІ ЖҮРЕКТІ ӨЛТІРЕ МЕ?
16.06.2022 07:56
508
0

Сұрақ: «Көп күлкі жүректі өлтіреді» дейді. Сонда мұсылманға күлуге болмай ма?

Жауап: Расында пайғамбардан (с.ғ.с.) жеткен хадисте: «Күлкіден сақтаныңыз. Күмәнсіз, көп күлкі жүректі өлтіреді», – деп айтқан (Термези).

Бірақ, бұл жердегі «күлкі» деген сөз – орынды-орынсыз, әдепсіз күлкі. Бұл хадис күлкі десе құлап күлетін, әзілде шек дегенді білмейтін адамдарға қаратылып айтылған. Себебі мұндай күлкі мұсылманға лайық емес, жалпы адамға абырой әпермейтін күлкі. Әйтпесе пайғамбар (с.ғ.с.) жалпы күлуден, күлімсіруден қайтармаған.

Алланың елшісі (с.ғ.с.) үйіне кіретін болса, күлімсіреп, отбасы мүшелеріне әзілдеп, оларға сүйіспеншілік, махаббат, жұмсақтық сөздерін айтатын еді. Өйткені, ол барлық әлемге мейірім етіп жіберілген. Оның таза жүзінде күлімсіреудің белгісі жарқын көрініп тұратын. Ол күлімсіреп адамдарды кездестірген шақта, олардың жүректерін қуанышқа толып, жандары да соған қарай ұмтылатын.

Алланың елшісі (с.ғ.с.) күлімсіреген кезінде жүзі күннен де керемет, маңдайы толық айдан да жарқын, үстінен хош иіс аңқып, мінез-құлқының көркемділігі бақшалардан да әсем, сүйіспеншілігі таң самалынан да нәзік болғаны тарихтан белгілі.

 

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

0 пікір