КІСІЛІК
КІСІЛІК
04.07.2015 11:50
4542
0
Асылбек Әуезханұлы

 Сыныптағы балалар улап-шулап жатқанда, қолында сызғышы мен боры бар мұғалім кіріп келді. Оқушылар орындарына жайғаса кетті. Бүгінгі дәрісті мұғалім мүлдем басқаша бастады. Тақтаға үлкен етіп «1» деген таңбаны жазды.

-  Қараңдар, мынаның аты кісілік. Өмірде адамға қажетті ең құнды қасиет.

Содан соң оның қасына «0» деген таңба қосты.

-  Мынау нөл – сәттілік. Сәтті адам бір кісілікті (1) он (10) етеді.

Тағы бір «0».

-  Бұл тәжірибе. Тәжірибелерің болса 10 болып жүріп 100-ге айналасыңдар.

Нөлдер осылай көбейе берді.

-  Қабілет... тәртіп...мейірім... сүйіспеншілік...

Жалғанған әрбір нөл кісілікті 10 есе арттырып отыратынын түсіндірді. Содан соң тақта сүрткішті алып, бәрінің алдындағы «1» деген таңбаны өшіріп тастады. Тақтада единицасыз өңкей нөлдер қалды. Осы кезде мұғалім өте үлкен тұжырым жасайды:

-  Егер кісілік болмаса, басқа жақсылықтың бәрі ешпен тең.

Сабақтан терең тәлім алған оқушылар сілтідей тынып  отырып қалды.

Осы тұста Абай атамыздың «Единица болмаса, не бітірер өңкей нөл» деген аталы сөзі ойға оралады.      

  Бала тәрбиесі  

Бесіктің берекеcі
Бесік жыры
Жәннаттың ғажабы
Кешірім сұрау
Қолсыз және ауызсыз әке 

Болашақтың кепілі –рухани тәрбие 
Балалы болудың ақыреттегі пайдасы
Қардан жасалған гүл
Сәби мен сүннет
АҚШАБАҚ
ШЕҢБЕРЛЕУ 
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
БЕЛГІ
КІСІЛІК
Бұзақы аю

 

 

 

               

 

0 пікір