КІСІ БОЛАР БАЛАНЫҢ БЕЛГІСІ
КІСІ БОЛАР БАЛАНЫҢ БЕЛГІСІ
13.01.2022 10:23
374
0

Кісі болар баланың-
Кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың-
Кісіменен несі бар, 
- дейді қазақ мақалы.

Дәстүрлі қазақ ортасында жас бала ел ісіне ертерек араласады. Сол ауылдың қариялары мен үлкендері жас баланы әр уақыт сынап, сөзге араластырып, ісіне баға беріп тәрбиелеп отырады. Адам мінезі жас бала кезінде –ақ қалыптасып, ата-анадан, қоршаған ортасынан алған үлгісін ерте көрсете бастайды. Тек осыны уақытылы бағалап, қорытындылап, қалыпқа түсіріп отыратын маңайында көреген ақсақалың болсын. Әр уақытта өз тіршілігін табиғатқа, шаруашылығына шендестіріп отыратын елдің үлкендері жақсы бала туралы-
«Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер,
Адам болар баланың
Етек- жеңі кең келер,» -
деп баланың әр мінезінен, ісінен ірілікті, кісілікті іздеп, сол мінездің шетін көріп қалса арқадан қағып, қанаттандырып отырады. «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген, осындай қамқорлықты көрген қазақ баласы есі болса қашанда елдің сенімінен шығуға барын салады. Бұрынғылардың «Кісі болар бала – кісесінен белгілі, ат болатын құлын -мүшесінен белгілі» деген де сөзі бар. 

Сонымен «кісі» кім, «адам» кім ? Екеуі бір ұғым ба, арасында айырмашылық бар ма ?

 

Ж.Артықбаевтың фб парақшасынан

 

0 пікір