КЕЗ-КЕЛГЕН АДАММЕН ЕҢ СОҢҒЫ РЕТ СӨЙЛЕСІП ТҰРҒАНДАЙ...
КЕЗ-КЕЛГЕН АДАММЕН ЕҢ СОҢҒЫ РЕТ СӨЙЛЕСІП ТҰРҒАНДАЙ...
04.08.2020 11:37
368
0

 Моральдық тұрғыдан жермен жексен болып қирағанда не істеуге болады?
- Өзіңді жермен жексен болып қирауға дейін жеткізу саған керек пе? - деп қарсы сұрақ қойғым келеді. Бұған әр түрлі қырынан қарауға болады.

Бұл 1940 жылдары нацистік Германияда фашизм идеясы шарықтау шегіне жеткен жылдары болған оқиға еді. Австрияға бай-қуатты еврей отбасына неміс солдаттары басып кіреді. Олар үйді тонайды. Барлық үлкедерді қамауға алып кетеді. Үйдің 12 жасар қызы мен 8 жасар ұлын да тонаған заттармен бірге ала кетеді. Оларды бір темір жол вокзалына әкеледі.

Ол да дәл осындай қарашаның аяғы, желтоқсанның басталған уақыты еді. Оларды вокзалда 3 күн ұстайды. Балалардың 3 күн бойы іші пыса бастайды да олар футбол ойнауға кіріседі.

Бір кезде вокзалға пойыз келіп қалады. Ол жүк таситын пойыз еді. Солдаттар дереу қолына түскен балаларды жүк пойызына тоғыта бастайды. Олардың арасында 12 жасар қыз бен оның 8 жасар інісі де бар еді. Апалаң-топалаң қарбаласта кішкентай інісі аяқ киімін киіп үлгермей, пойызға жалаң аяқ отыра салады.

12 жасар апайы інісіне жатып келіп ашуланады. Қатты кейіп, ұрса жөнеледі. Құлағын бұрап, басынан түйгіштеп, періп жібереді де:

« Мисыз, онсыз да қайғымыз аз еді. Аяқ киіміңді қайда қалдырдың?-деп жерден алып, жерге салады.

Германияда қыста бұл мезгілде аяқ киімсіз аяғыңыздың үсіп кетері анық қой. Ол ызадан жарыла жаздады. Келесі станцияда неміс солдаттары ұлдар мен қыздарды екі бөліп алып кетеді. Содан кейін олар бір-бірін қайтып көрмейді.

Ол 4 жылдан соң концлагерден шығады. Соғыс аяқталған еді. Отбасының 17 мүшесін іздей бастайды. Бірақ олар жер бетінде ешқашан өмір сүрмегендей ізім ғайым жоқ болып кеткен. Хат та, хабар да жоқ.

12 жасар қыздың жанына тыныштық бермеген нәрсе – оның ең сүйікті кенже інісіне айтқан соңғы сөздері еді. Ол оны шексіз жақсы көріп еді ғой. Бірақ оған ең соңғы айтқан сөздері неге сонша ауыр болды? Ол сөздер күніне миында мың мәрте айналып, оның жанын езетін. Себебі ол ең соңғы сөздер еді.

Осыдан кейін ол кез-келген адаммен ең соңғы рет сөйлесіп тұрғандай әңгіме айтуға өзіне ант береді. Бұл ант оның өмірін қатты өзгертті. Ол АҚШ-қа көшіп кетеді. Чикагоның маңынан емхана салады. Адамдарды емдеумен айналысып, мағыналы өмір сүреді. Қандай жағдайда да сабыр сақтауды үйренеді.

Ең қасіретті, ең ауыр жолдармен жүрсеңіз де осы оқиғаны сабақ ретінде есіңізге сақтаңызшы. Бұл қасіретті жолдарден екі түрлі жағдайда екі түрлі жолмен шығуға болады.

Бірінші жол – жараланып шығу.

 Екінші жол – дана болып шығу.

Бұл екі жолдың біреуін өзіңіз таңдайсыз.

Өмір сізге ең ауыр жарақат салған сайын, сіз соғұрлым дана, кемеңгер адамға айналуға тиісті едіңіз ғой. Солай емес пе?

Бірақ, өкінішке қарай, көп адамдар жараланып шығуды таңдайды. Себебі олардың ақыл ойы мен интелектісі өзіне қарсы жұмыс істегенін аңғармайды.

Кез-келген қасірет сізді биіктетуге жіберілген. Тағдырдың сыйын тік тұрып қарсы алыңыз.

 

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан

0 пікір