КЕТІП БАРАМЫН!..
КЕТІП БАРАМЫН!..
17.10.2020 13:35
365
0

Кеткендер қайта оралмай жатыр)) деп әзілдейтін едіккой кейде біреу кеттім десе.

Қайда екенін білгіңіз келема?

Адамға қиыны өзіне, өзін мойындауы ғой.

Кішкентай кезімнен аурумын.

Яя қате оқыған жоқсыз. Ол диагноз фейзбуктағыларға жат емес. 90% сол аурумен ауырады. Әсіресе мемлекеттік қызметте(бюджеттік мекемелер әр сала бойынша) жүргендер мен сол мектептен шыққандар осы аурумен үнемі ауырады. Ол кейде жұғады. Жұқпаса өзің ауырып жүре бересің.

Ол аурудың басты белгілері мынадай болады.

-Бәрін идеально жасаймын;

-Мен бәрінен мықтымын;

-Үздік оқушымын(қызыл диплом, үздік куәлік, староста, мектептің, универдің т.б үздігі т.с.с)

-ешкім қатемді шығармасын;

-ешкім мен жайлы өсек айтпасын, негатив таратпасын;

-бәрімен жақсы боламын;

-бақытты көріну(үйіңде, ішіңде реніштер бар)

-қателік жасамайтындай көріну( қателіктен қорқу)

-жұртқа үлгі болу(ақыл айту)

-Вниманиеден тыс қалудан қорқу)

Бұл жерде ұмыт қалғандар болса толықтырып пікірге жаза кетсеңіз болады.

”Синдром отличник(ца)” Бұл аурудың аты осылай аталады. Мен 30 жыл ауырдым осы аурумен)) Сенесіз ба?))Менен басқа мойындай алмай жүргендердің санын шамаменде айталмаймын))

31- ші жылы уффф ауруымның емін таптым-ау))Сүйтсемммм қарапайым ғана емі бар екен оның:

-Қолымнан ештеңе келмейтінін мойындау(қалай бар солай қабылдау)

-Әлсіз әйел екенімді мойындау;

-Ештеңе білмейтініңді мойындау;

-өсекшілерді сол қалпында жақсы көру;

-негатив үшін алғыс білдіру;

-бояусыз түріңді сүю;

-жақсылық жасаған адамдарға алғыс айту( қарызыңды, парызыңды ұмытпай, кімнің арқасында осылай болды благодарно болу)

-табиғатты сүю

-өмірді, қоршаған ортаға алғыс айту, қабылдау;

-барлық жер бетіндегі пендешілік атаулыны Аллаға тапсырып жүрек тыныштығына оралу;

-ешкім емес екеніңді толық мойындау;

-өлімді мойындап, өмірді сүю;

-шынайы болмысыңды қабылдау;

-шыққан тегіңді ұмытпай, тектану;

Қысқасы “Мен ешкім емеспін” Алла Ұлық! Осы кезге дейін қандай адам болғанымды мойындағанда өзімнен жиіркендім, артынша өзімді одан сайын сүйіп кеттім! Бір сәт айнаға қарадым! Кешір мені! Жасандылыққа жол берген жылдарым! Сенен кетіп барамын! Енді мен жәйййй бүкіл әлемді осындай қалпында сүйетін жолаушымын! Жұмысымда басқа. Мақсатымда басқа. Кездейсоқ көшеде көріп күлімдеп амандасып жағдай сұрасам таң қалмаңыз! Себебі пенделігінен кеткен бір пақырмын! Сіз мен үшін тұлғасыз, жер бетіндегі Алланың үмбеттері. Баршаңызды құрметтеймін Алла разылығы үшін! Өзгеріс өзіңнен басталады...

Өмір жолыңыз ақ болсын!

 

Ақгүл Абдрасулқызы фб парақшасынан

0 пікір