Кешірім сұрау мәселесі
Кешірім сұрау мәселесі
03.09.2019 08:57
545
0

 Кешірім – кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде – бақытты, ал ақиретте сый көреді.
        Әсілінде, кешірімшіл болу – көркем мінезділіктің белгісі.

        Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:

Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қ
ылмай есірсең,
Тө
беңді әлі-ақ теседі.
Көң
ілі жұмсақ адамның,
Кү
рмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.

        «Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық - әр  кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген де сөз бар.

        Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз  ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек.     Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Ақиретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады.

 

 Арман Қуанышбаев

0 пікір