ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА АЛДЫҢНАН ШЫҒАДЫ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА АЛДЫҢНАН ШЫҒАДЫ...
20.01.2021 20:39
1120
0

Адамның жасаған жақсылығы өзіне оралады, жамандығы да алдынан шығады.  "Жақсылық жасасаңдар, өздеріңүшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасаңдар, ол да өздеріңе"["әл-Исра" сүресі, 7-аят],-дейді Алла Тағала

Екі немересімен бірге тұратын Техастық  66  жастағы әйел қайыршыны көшеде қалдырғысы келмей, үйінде түнеп шығуға рұқсат беріп, бос бөлмесіне жатқызады. Өйткені   дала өте суық еді.

Ал  қайыршы Смит есімді ер адам екен. Смит түнде дүрсілдеген  шудан оянып кетіп, үйге ұры кірген болар деп ойлап, әйелдің бөлмесінің есігіне жақындағанда түтіннің иісін сезеді. Қысқа уақыттың ішінде бүкіл үй түтінге тола бастайды.

Смит  тұра алмай жатқан әйелді дереу көтеріп алып далаға шығара салысымен балаларға қарай жүгірді. Ол өз өмірін қатерге тігіп, өрттің ортасынан  екі қызды да  алып шығыпты.  Ал әйелдің  40 жыл тұрған үйі түгі қалмай өртеніп кеткенімен, бала-шағасымен түгел аман қалғаны зор бақыт болатын.  Әлбетте, дүние-мүліктің орны оңай толатыны белгілі. Ең бастысы, бас амандығын айтсайшы.

Осылайша, «Не ексең, соны орасың» деген сөздің дұрыстығына  әйелдің  көзі толық жеткен екен.

Иә, бұл әлемде көше кезіп жүрген адамды үйіне қондыратын адамдар кемде-кем. Егер Смит болмаса үшеуі сол түні тірідей өртеніп кетуші еді. Өмірде барлығының қайтарымы бар.  Жақсылық жасасаң Құдай жарылқайды.  Жамандық жасасаң да алдыңнан шығады.Құранда «Сендер шаңның тозаңындай жақсылық жасасаңдар есесін аласындар», (Зілзала сүресі, 7- аят)-деген болатын.

 

 

0 пікір