Жаман сөз айтпау
Жаман сөз айтпау
12.08.2019 11:07
729
0

Тәрбие барысында ата-ананың сөзге абай болғаны жөн. Себебі, ата- ананың аузынан шыққан әрбір жаман сөздің бала жанына дақ түсіретіні анық. Екі жаһан сардары жаман сөз айтуға қатаң тыйым салған. Ол: «Мұсылман кісі біреуді жамандап, лағнет айтып, қарғамайды, ұятсыз сөздер айтпайды» -  деп, мұндай сипаттың мұсылмандыққа жатпайтынын білдірген.

       Тағы бірде: «Ешкімді «Құдай сені қара бет қылсын, жүзің күйсін!» - деп қарғыс айтпаңдар», «Мұсылман кісіге лағнет айту оны өлтіргенмен тең» - деген.

       Хазреті Әнас Алла елшісінің (с.ғ.с.) біреуге ашуланған кезде «Пәленшеге не көрінді, Алла оны түзетсін!» дейтін, - деген.

       Сондай-ақ: «Балаларыңа қарғыс айтпаңдар, бұл қабыл болуы мүмкін» - деп балаларға ұрсып, қарғап-сілемеу керектігін ескерткен.

       Имам Ғазали балаға ұрса беретін болса, оның бұл сөздерге әбден еті үйреніп, жаман қылықтарды жасауға одан әрі батылдана түсетінін, айтылған сөздің балаға мүлде әсер етпей қалатынын айтады.

       «Сен жамансың, ақымақсың, қолыңнан түк келмейді» дей берсе бала соған сеніп, солай қабылдап қалады. Оның орнына «сен жақсысың, сүйкімдісің, ақылдысың» десе баланың өзіне деген сенімділігі артып, жақсы бала болуға талпына түседі.

 Қ. Бағашар. Исламдағы бала тәрбиесі.

0 пікір