Жай ғана амандасудың өзі...
Жай ғана амандасудың өзі...
17.06.2019 13:50
755
0

Алдыңнан жас та болса лауазымды немесе қалтасы қалың яки танымал кісі ұшырасты. Онымен күлімдеп амандасып, сөйлескенде сыпайы бола қалдың.

 Аз уақыттан кейін егде тартқан еден жуатын апай шықты. Онымен қалай амандастың? Əлде мүлде амандаспадың ба?

Егер екі сəлемің екі түрлі болса, алдыңғы амандасуың көзбояушылық қана! Кісі таңдап амандаспа, адамдарды алалама!

Жай ғана амандасудағы айырмашылық біздің ішкі болмысымыз бен руханиятымыздың көрсеткіші екенін ұмытпайық! 

 

Қайрат Жолдыбайұлы

0 пікір