ИСЛАМИ ТЕРМИНДЕР-Ү
ИСЛАМИ ТЕРМИНДЕР-Ү
12.10.2019 13:36
147
0

Ү

Үзір  – ақталатын уәж, дәлелді себеп. Дінде бұйырылған бір амалды орындамауға шарғи негізі бар себеп. Немесе шариғат міндеттерін орындамауға рұқсат беретін себептер.

Үкім  – бір нәрсеге қатысты шығарылған шешім, қаулы, жарғы.

Үлкен сәске (духа кубра) – күн дәл төбеге келуге бір сағат қалған уақыт.

Үмбет (үммет) – қауым, жамағат, бір дінді ұстанатын ел.

 Үр қыздары  – Алла Тағала жаннатта мүміндерге арнап жаратқан әйел жынысты өте сұлу, пәкиза мақлұқтар.

Үтір намазы  – құптан намазынан кейін оқылатын үш ракағатты уәжіп намаз. Оны «үтір-уәжіп» деп те атайды. «Уитр» сөзі араб тілінде «тақ» деген мағынаны білдіреді.

 

0 пікір