ИМАН ИЕСІ, ОЛ КІМ?
ИМАН ИЕСІ, ОЛ КІМ?
12.04.2021 09:50
812
0

Көпшілігіміз иман дегенде, имандылық пен ибалылық ұғымдары еске түседі. Шынында осы иман немесе иман иесі атану қандай бақыт екенін қаперге ала бермейді?.. Бұл тарапта Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз хадистерінің бірінде: «Кел, бізбен бірге отыр, Иман хақында сұхбаттасалық» дейтіні бар. 

Негізі, адамның әр басқан қадамына Иман таразы. Қарғыстың жаманы – «имансыз». Жан – Иман үйі болса, Тән – оның есігі. Абыл мен Қабыл Адам (а.с.) ұлдары болса, Адал мен Әділ – Иман перзенттері. Мұнымен қоса Иманның Иба мен Ұят деген ғұснижамал қыздары бар екенін де естен шығармаған абзал. Базар нарқы сияқты адам парқының да әрқалай болмағы имандылық өлшеміне саяды. Жақсылар неге сырласуға ділгер, сұхбаттасуға құмар? Жамандар неге өркөкірек, өзімшіл? Мал аласының сыртында болуы бесенеден белгілі, ал адам аласының іште болуы себебі неде? Екеу де тек ұрыққа, текке байланысты болғаны ма? Сонда тәрбие тану, ғибрат алу қайда қалмақшы? Кез келген адам өзін-өзі Иман таразысына салып өлшей ала ма? Көңілдің тезі, жүректің көзі дегенді қалай ұғынсақ керек?.. 

Ия, Иман иесі осының бәріне жауап іздейді. Ең әуелі өзінен, сонан соң өзгеден!...

 

 

0 пікір