ХИКМЕТТІ СӨЗДЕР
ХИКМЕТТІ СӨЗДЕР
20.06.2022 16:23
262
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا تَقَارَبَ الزَّمَانُ انْتَقَى الْمَوْتُ خِيَارَ أُمَّتِي كَمَا يَنْتَقِي أَحَدُكُمْ خِيَارَ الرُّطَبِ مِنَ الطَّبَقِ. (ض)

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Қиямет жақындаған кезде сендер табақтан құрманың тәуірін таңдап алғандарыңдай, ажал да үмметімнің жақсыларын таңдап алады (салиқалы жандар кезекпен дүние салады)”. (Қузағи, Mүснәд уш-шиһаб)

• Әдеп – Алла Тағаланың адамзатқа тарту еткен ізгілігі. 

• Әдеп ізгілікпен жүзеге асады, ізгілікпен артады.

• Рухында Aллаға, Расулына қарсы иманы бар, сөзі игі адамның әдептен алыс болуы мүмкін де емес…

• Алла Тағала адамдарға 50-60 жылдық, 70 жылдық өткінші өмір береді; пәнидің де пәниі, көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Алайда адам тірі күнінде өлімді нәпсінің ғапылдығы, нәпсі әммараның ғапылдығы адамды миллион жыл өмір сүретіндей, еш өлмейтіндей ойлататындықтан, адам қателікке, теріс жолға ұрынады. Ал, расында, өмір Aлланың берген өмірі – адамға бір аманат... Oл аманатты өте ұқыппен пайдалану керек. Жақсы пайдалануға тырысу қажет.

• Нәпсі – орталығы екі қастың ортасында болатын, бүкіл сананы, миды жаулаған соң адамның бүкіл бойын түгел қамтитын зұлым жаратылыс.

• Нәпсі әммара адамнан ешқашан жоғалмайды.

• Нәпсі әммараға қарсы күресуге міндеттіміз. Онымен күресіп қоймай, жеңуге міндеттіміз. Eгер біз оны жеңбесек, ол қалай да бізді жеңеді.

• Адам өлгенше ескертуге мұқтаж.

• Адамның өзін-өзі танығанындай басқа біреу оны таный алмайды.

• Кемшілігін білмеу – ең үлкен кемшілік.

• Саналы адам – кемшілігін түсінген адам.

• Бір істі ең жақсы орындайтындар – атқарған міндетінің маңызын жете ұққандар.

• Таза (шынайы) мұсылман ақша ұстағанда белгілі болады.

• Aлла Tағала соңғы демге дейін, соңғы дем шыққанша иманнан, Құраннан және Aлла жолында қызметтен айырмасын. (Әмин)

0 пікір