ХАНАФИ МАЗҺАБЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАЗҺАБСЫЗДЫҚТЫҢ ҚАУПІ
ХАНАФИ МАЗҺАБЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАЗҺАБСЫЗДЫҚТЫҢ ҚАУПІ
27.05.2019 15:56
401
0

Ханафи мазһабы - алғашқы құрылған сунни фикһ мектебі. Бұл мазһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан, Ханафи мазһабы деп аталады. Шын аты Нуғман ибн Сәбит,  Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (милади 699 ж.) Куфада туылып, һижраның 150 ж. (милади 767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Имам Малик, имам Шафиғи, Ахмад ибн Ханбалдың қай – қайсысы болмасын пәтуә беруде имамдардың ұлығы имам Ағзам Әбу Ханифаны ұстаз тұтып, оның енбектеріне сүйенген. Сондықтан да ханафи жетекші мәзһаб саналады, бұл мәзһабты бүгінгі таңда әлем мұсылмандарының жартысына жуығы ұстанады. Ал мәзһабтардағы айырмашылықтар тек «абзал» және «дұрыс» деген сөзде ғана. Біз өз мәзһабымызды абзал санаймыз. Ал қалған үш мазһабты дұрыс деп танимыз. Тек біздің мәзһаб «дұрыс», қалған ушеуі «бұрыс» деу адасушылыққа жатады. Ханафи мәзһабы негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғаныстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары арасында кеңірек тараған.

Бұл мәзһаб өзге үшеуімен салыстырғанда жұмсағы, әрі халқымыздың табиғат болмасына, әдет – ғұрпына аса жақын. Өзге діни құқықтық мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен, әрі демократиялылығымен де ерекшеленеді. Сондықтан да өз кезінде жартылай көшпенді тұрмыс кешкен ата-бабаларымыз өз дүние танымы мен өміріне тонның ішкі бауындай жақын болғандықтан мұны әу бастан ақ қабылдаған.Ханафи мазһабының басты артықшылығы, имам Ағзам Әбу Ханифа бір мәселенің үкімін шығарған кезде, ол үкімді жалғыз шығармайды. Мәселені ортаға яғни шәкірттері мажтаһид мутлақ болған Имам Әбу Юсуф, Яъкуб ибн Ибраһим әл-Куфи, Имам Мухаммед ибн Хасан әш-Шайбани, Әбу Һузайл, Зуфар ибн Һузәйл ибн Қайс әл –Куфи және т.б. тастайды. Әр кім осы мәселе туралы өзінің пікірін айтады. Яғни дәрістерінде, ілім мәжілістерінде әр –кімге сөйлеу рұқсатын беріп, түрлі пікірлерді тыңдап, шәкірттеріне өзінің пікірін қабыл етуге ешқандай қысым жасамайды.

Бірақта Әбу Ханифаның тікелей фикһқа қатысты арнайы жазған еңбектері жоқ. Ханафи мазһабы Әбу Ханифаның шәкірттерінің ерең еңбектері арқылы таралған. Шәкірті Әбу Юсуф бас қазы болғанда көптеген еңбектер жазылды, Мұхамед әш-Шайбани Әбу Ханифаның білімін, дәріс кезінде жасаған пікір-таластарын қағазға тусірді. Сондықтан фиқһ кітаптарында «сахибайн», «шайхайн» немесе «тарафайн» деген сөздер кездеседі. Ол деген егер Әбу Юсуф пен  Мұхамед әш-Шайбанидің пікірі бір болса онда «сахибайн» немесе «имамайн» деп айтылады, егер Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің пікірі бір болса онда «шайхайн» делінеді, егер  Әбу Ханифа менМұхамед әш-Шайбанидің пікірлері бір болса «тарафайн» деп айтылады.

Ханафи мазһабындағы ижтихат әдістері ол, кітап, сүннет, ижма, қияс, сахаба сөзі, әдет-ғұрып және ақылға негізделген дәлелдер. Әбу Ханифа салыстырма әдісін көп қолданған. Сонымен қатар әлі болмаған жағдайларға қатысты ижтиһад жасаған. Әбу Ханифаның фикһта ижтиһад жасаудағы асқан зеректігін өз замандастарда мойындаған. Мысалы имам Шафиғи оны фикһтың атасы деген. Айтқандай Әбу Ханифа көп қолданған әдістер ол қияс (аналогия) сонымен қатар истихсан әдісін көп қолданған. Имам Әбу Ханифаның ижтиһатына тән ерекшеліктері;

-                     Пайғамбарымыздан (с.а.у) жеткен хадистерді алуда аса сақтықпен мұқияттық танытқан. Себебі сол дәуірлерде жалған хадистер көп тарай бастаған.

-                     Құран және сүннетте кездеспеген мәселелер үшін, ислами негіздердің шеңберіңде ижтиһатты басшылыққа алып, үкім шығарған.

-                     Басқа мүжтаһид ғалымдардан ерекшелігі, әлі орын алмаған, бірақта болуы мүмкін мәселелер төнірегінде ижтиһат жасайтын. Бұл туралы өзі былай деген: «Біз бір қиындық келмей тұрып, оған дайындығымызды жасаймыз». Осындай ижтиһат әдісі имам Мәліктің басшылығындағы «хадис мектебіне» қайшы келеді. Өйткені олар мәликилер яғни хадис мектебі ортада жоқ мәселелерге қатысты жауап беруден қашатын. Сол себепті Әбу Ханифа негізін қалаған фикһ мектебін «рай өкілдері» деп атаған.

Бүгінгі күнгі мазһаб ұстапбайтындар 20 ғасырдың ортасында пайда болған, оған дейін ондай жоқ еді. Бұлардың ұстанатын жолдарын Араб, Үндістан мен Пакістан ғылымдары «лә мазхабия» (қазақша айтқанда мазхабсыз), ал Үнді мен Пакістан мұжтахидтері бұларды «Ғайри Мұқаллид» (төрт мазхабтың біреуіне де кірмейтіндер) деп атайды. Бұлардың ұраны – Құран мен  Сүннет. Былай қарағанда қандай құлаққа жағымды ұран, бірақ ол көпшілікті алдау үшін айтылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с) заманынан кейін өмір сүрген  мұсылмандардың, олардың өмір сүрген ғасырларын алып қарайық. Сол уақыттағы мұсылмандар мазһабсыз болды ма екен немесе мазһаб жолын, яғни Ханафи, Шафиғи, Ханбали, Мәлики жолын ұстамады ма екен?!Әрине олай емес. Ислам әлеміне танымалы үлкен ғалымдар да мазһаб ұстанғаны мәлім. «Әһли сунна уал жамағат» жолын ұстаушылар, яғни төрт мазһабты мойындаушылар Тақлидті ұстанады, ал тақлидтің барлық дәлелдері Құран мен Сүннеттен, Ижмаъ пен Қиястан алынады. Тақлид – ғалым мұжтаһидтердің сөзіне сеніп, солайша амал ету. Алла Тағала – Құран Кәрімінде былай айтқан: «Егер білмесендер ілім иелерінен сұрандар (Әнбия сүресі 7 аят) . Барлық  адам баласы ғалым емес, шариғат үкімдерін толық түсінбейтіндер де бар, сондықтан шариғатты толық меңгерген ғалымдар халықтың ішінде көп емес, олар санаулы, сондықтан түсінбейтін, білмейтін шариғат үкімдерін ғалымдардан, білімі бар адамдардан сұрау керек. Бұл – Алла Тағаланың әмірі, бұйрығы! Діни алауыздық және белгілі мазһаб жолын ұстамау басқа көрші мемлекеттерде, біраз жылдар бұрын, көрініс берген еді, соның аяғы немен біткеніне барлығымыз куәміз. Өкінішке орай, осындай іріткі салушылық мұсылман жамағаттарының ішінді, соңғы кезде біздің отанымызда да көрініс беріп жатыр. Соның ішінде, кейбір жастар, осындай жолды ұстап,  мұсылмандардың ішінде ірікті салу арқылы, әке мен баланың арасына, аға мен інісінің арасында дұшпандыққа итермелеп, көреалмаушылыққа, туыстардың ішін де дұшпандықтың тууына себепші болып жатқандары баршаға белгілі.Тіпті, өткен ғасырларда дін ғұламаларын, мужтахидтерді, (муфассир) және тәпсір ғалымдарын жамандап, оларға тіл тигізуге дейін барған.Мазһабсыздықтың ең үлкен қауыпы ол, мысалы «Аллаға бойұсыныңдар, пайғамбарына және араларында әмір иелеріне бағыныңдар» деген құран аятына қарсы келу. Мазһаб ұстау ол, бірлік. Алла құранда «Барлығын Алланың жібінен (дінінен) ұстаңдар да бөлінбеңдер» Әли Имран с. 103 аяты.

Т.М.Кусаинов

«Железин» аудандық

 мешітінің бас имамы                  

 

  1. «Мазһабтартарихы» С.Сейтбеков
  2. http://www.islam-shalkar.kz/
  3. http://www.elarna.com/

 

 

 

 

0 пікір