ЕҢ КҮШТІ АДАМ
ЕҢ КҮШТІ АДАМ
07.08.2019 09:27
483
0

 Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) жолда келе жатып,  бір топ жігіттердің тас көтеріп жарысып жатқанын көзі шалады. Үлкен бір тасты әркім шамасынша көтеріп жатыр екен. Пайғамбарымыз: «Не істеп жатырсыңдар?» деді. Жігіттердің бірі: «Кімнің күшті екенін анықтап жатырмыз» деп қалды.

«Араларыңда кім күшті екенін айтып берейін бе?» деді пайғамбар.

-         Әрине, Расулулла, айтыңыз, деп жамырай кетті жігіттер.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ең күшті деп ұнатып қалғанымен күнәға батпайтын, ашуы өзін ақиқаттан алыстатпайтын, өтірік пен жаман сөзді аузына алмайтын және күшін шамасынан артыққа беталды жұмсамайтын адамдарды айтамыз» деп желіккен жігіттерге өмірлік сабақ берді.

0 пікір