ЕГЕР 30 КҮННІҢ ІШІНДЕ СҰЙЫҚТЫҚТАН ТЕК СУ ІШСЕҢІЗ НЕ БОЛАДЫ
ЕГЕР 30 КҮННІҢ ІШІНДЕ СҰЙЫҚТЫҚТАН ТЕК СУ ІШСЕҢІЗ НЕ БОЛАДЫ
06.01.2017 16:52
139024
0

Су – тіршілік нәрі екені бәрімізге белгілі. Денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Ағзамыздың әрбір жасушасы, терісі немесе мүшесі терезеңіздің алдындағы гүл сияқты суды қажет етеді. Осы жерде біз гүлмен салыстырамыз – егер гүлге су тым көп емес, тым аз емес, жеткілікті болса, ол гүлдейді, жапырақтары көгеріп, жайқалады.

Біз де өзімізді гүлмен салыстырып, сусындаймыз, бірақ көбіне суды басқа сұйықтықтармен алмастырып жатамыз: мысалы, газды сумен, кофе, шәй, сүтпен, кейбіреуі өзін жақсы көргені соншалықты, сүйікті сырасынан да бас тартпайды, және т.б.

Егер бар-жоғы 30 күннің ішінде  ас үлесінен судан басқа барлық сусындарды алып тастасақ, не болады? Біз күн барысындағы тағамдарымыздан бас тартпаймыз, қимыл-қозғалысымызды көбейтіп немесе азайтпаймыз, тек ағзамызға құйылатын сұйықтықтың барлығын суға алмастырамыз

Ең бірінші ойымызға келетіні – қаражатымызды үнемдейміз. Иә, бұл шүбәсіз факт. Алайда, ағзамызға одан да қызықты, одан да бағалы қандай пайда әкелеміз? 

  1. 1.     Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады. 
 

 

30 күн өткен соң, Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, миыңыз бұрынғыдан жылдам реакциясымен таң қалдырады екен. Миымыз жақсы жұмыс істеуі үшін тонналаған кислород қажет болған сияқты, су да оның жұмысын арттыра алатындардың қатарынан табылады. Нәтижесінде зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тезірек және шапшаңырақ болады. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, когнитивтік қабілетіңізді бақандай 30%-ға жақсартасыз. 

 

2. Құрдастарыңызға қарағанда жасырақ көрінетін боласыз. 

 

 

Ауыз суы теріңіздегі судың мөлшерін сақтай отырып, қартаю үрдісін баяулатады. Теріңізді ылғалдандырып, сау, жұмсақ, тегіс, жарқыраған, жас әрі әжімсіз етеді. Бұлшық етімізге де тигізер әсері мол – су оның тонусын сақтайды. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін, тек таза су ішуіңіз керек.

Daily Mail журналында жарық көрген мақалада 42-жасар анаға небары 30 күн тек су ішкен соң, 10 жасқа жасырақ көрінгенін айтады.

Ең қызығы, тек су ішу идеясы, оған үнемі бас ауыруы мен ас қорытуының нашарлауына әкеп соқты. Сол үшін ол күніне 3 литрдей су іше бастады, бір айт өткен соң таң қалды. Үнемі дыңылдап тұратын бас ауруы мен ас қорытуының нашарлауы қолмен сылып тастағандай жоқ болды. Оған қоса, бонус ретінде, 10 жасқа жасарды. Жаман емес қой, иә?

Өз сөзінде ол, «Шын мәнісінде мен осыншалық айырмашылық болады дегенге сенбедім. Өзімді айнадан көргенде, басқа әйелді көргендей боламын. Көзімнің айналасындағы қарауытулар жоғалды. Терімнің жасарғаны соншалық, жас күнімдегідей. Бұл менің басымнан өткен керемет өзгеріс... Өзімді арықтау сезінемін және денсаулығым да жақсарғандай, ең қызықтысы, менің өзгерткенім, тек су ғана»,-дейді.

3. Иммунитетіңіз күш көрсете бастайды.

Словак халқының мақалы: «Таза су - -бұл алғашқы медицина» дейді.

Бұл әсірелеп айтқандық емес! Су ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор сияқты жұмыс істейді. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Осы мүшелеріңіз қандағы улы заттарды, қалдықтар мен тұздарды кетіруге жауапты.

Сонымен осы саладағы зерттеушілердің айтуына сүйенсек, рН теңгеріміңіз тұрақталып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады екен, осылайша біз бас ауруы мен тағы басқа ауруларға шалдықпайтын боламыз. 

 

 

 

4. Жүрегіңіз мықтырақ болады.

Су жүрегіңіздің сауығуына көмектеседі. Қан сұйыла түскендіктен қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі.

Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі.

Американдық эпидемиология журналы алты жылдық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Күніне бес стақан су ішкен адамдар, жүрек талмасынан, күніне тек 2 стақан су ішкен адамдарға қарағанда 41%-ға аз өлгендігін байқаған. 

5. Сүйектеріңіз қатая түседі.

Су сіңірді қалпына келтіруге көмектеседі, осының арқасында буындарыңыз баппен қимылдап, нәтижесінде буындарға түскен салмақтың әсерінен болған зақымдар азая түседі.

6. Тері астындағы майларыңыздың біразымен де қош айтысасыз.

30 күн бойы тек су ішсеңіз, денеңіз өміріңізге маңызды мүшелеріңізден улы заттар мен қалдықтарды шығарады. Бұл денеңізді тазартып, оны ішіңіздің айналасындағы майлардан арылта бастайды.

Алдымен, салмағыңыз аздап арта бастайды, себебі, денеңіз осынша мөлшерде пайда болған судың мөлшеріне бірден үйренісе алмайды. Алайда, біраз уақыт өткен соң, ағзаңыз жаңа тәртіпке үйренеді. Су қарныңыздың ашып тұрғанын да жоя алады. Калорияны аздап қолдана бастайсыз, өйткені су қарныңыздың ашқанын басып, ағзаңызды жуа бастайды.

Тағамтану мен диетология академиясының өкілі Андреа Н. Джанкола кеңес бергендей, тамақтанудың алдында ішілген бір немесе екі стақан су ас қорытуыңызға көмектесіп, өзіңізге қажетті мөлшерден тыс тамақ жеуге мүмкіндік бермейді. Жәй ғана оны үнемі жасап отырсаңыз болды. 

7. Зат алмасу үрдісі жақсарады.

Зерттеулер көрсеткендей, үнемі су ішіп жүрген адам диетаңызға қарамай зат алмасу үрдісін жақсартады. Таң ертең тұрған соң, жарты литр су ішсеңіз, зат алмасу үрдісі 24%-ға артады.

Зат алмасу үрдісі несімен маңызды? Дұрыс – өмірізді ұстап тұрған ағзалардағы химиялық реакциялардың жүруіне тікелей байланысты. 

 

 

Мақала көзі: press-me.info

0 пікір