Дүниеден өткен ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істе!
Дүниеден өткен ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істе!
15.02.2017 12:05
69208
0

 Сахих хадистерінің бірінде:

«Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты.

Ол (с.ғ.с.):

«Йә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істесең болады:

- олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу,

- орындай алмай кеткен уәделерін орындау,

 - достарын құрметтеу,

- ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» - деді».

Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады:

«Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы». 

0 пікір