ДОСТЫҚТЫҢ 6 ТҮРІ БАР ЕКЕН
ДОСТЫҚТЫҢ 6 ТҮРІ БАР ЕКЕН
06.04.2020 09:47
1438
0

1.Бетпе-бет достық: Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс таң атып, күн батқанға дейін досынан көзін алмайды...

2.Қашықтықтағы достық: теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстар, кешкісін жұлдыздар арқылы жеткізеді.

3.Үндемейтін достық: мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқанындағы достық. Барлық әңгіме осы қолдар арқылы айтылады.

4.Міндетті достық: Жексенбі мен Дүйсенбі күндері сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр... Сәйкес бола алмаса да бір-біріне дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті...

5.Күндердің бірінде өлген достық: орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тәрізді... Адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді де, ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын зәулім үйлер салынған кезде өлетін достық...

6.«Күтімсіз достық» деген де болады... Әйтеуір аман ғой, әйтеуір доспыз ғой деп ұзақ жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық...

 

0 пікір