ДОСТЫҚ ЖЫЛДАП ТЕКСЕРІЛЕДІ
ДОСТЫҚ ЖЫЛДАП ТЕКСЕРІЛЕДІ
03.06.2020 11:51
318
0

*. Жаңа достар болмайды. Достық жылдап тексеріледі.

*. "Біз доспыз ғой ия?!" - деген сөзге сене берме, мұның астында қорқақтық, пайда көру, сатып кету жасырынады.

*. Нағыз достар көп болмайды. Біреу, екеу, көп болса бесеу. Қалғандары серіктес, ескі таныс немесе өмірдің бір бөлшегіндегі əлеуметтік жағдайда, туыстық жағдайда ағыспен бірге жүрген адамдар.

*. Достық жайлы сендегі түсінік екінші адамның түсінігімен сəйкес келмеуі мүмкін. Алдымен нағыз достық жайлы түсінікті бөлісіп көр.

*. Кешірімді бол, барлық адамда бірінші қателік болады.

*. Жеке бастағы барлық мəселені, құпия - сырды жүріп жүрген жігітке (қызға) айта берме. Ертең жоқ дегенде өзіңе қарсы қолдануы мүмкін.

*. Дос ол күн сайын сөйлесіп жүрген адам емес, арада айлап, жылдап уақыт өтседе, бірақ кеше ғана көрген адамдай сөйлесіп, еркін сезінетін адам.

*. 25 жастан кейін сенімен дос болғысы келген адам, барлық себепті іздеуі мүмкін. Тек бір басты себептен басқа, ол - дос болу себебі.

*. Нағыз дос сені тастамайды, тек өзің алыстатып алмасаң. Ол көз жасты сүртіп ғана қоймай, оны ағызар. Бірақ шындықты айта. Қатты сөйлеп, басып айтқан жақсы, бос сөйлеп, асыра айтқаннан. Сол кезде шындық жақпасада, кейін мақтарсын.

*. Ең қиын тексеріс, ол ақшамен сынау. Сен аяқ асты байып кетсең, қасындағы досың өзгеріссіз сабырмен, сыйластықпен қараса. Демек дос деген атқа лайық. Бұл сағанда қатысты.

*. Өсе келе достар азаяды. Бұл шындық, бұл қалыпты жағдай. Достар балалықта қалар. Бірінші орынға отбасы кетер. Сондықтанда 17 жастан бастап қасында болған адамды бағала.

 

0 пікір