ДЕЙЛ КАРНЕГИДІҢ АФОРИЗМДЕРІ
ДЕЙЛ КАРНЕГИДІҢ АФОРИЗМДЕРІ
01.06.2020 12:58
717
0

1. Әр адам күніне бес минут болса да ақымақ болады. Шынайы даналық осы шектеуден асып кетпейтін сақтықтан тұрады. 

2. Бал жинағың келсе, омартаны бұзба. 
3. Келешектің ауыр жүгін өткеннің салмағына қосып арқалау бүгінгі таңда күйсіз күлікті де сүріндірері сөзсіз. 
4. Адамның күлкісі тегін, бірақ оның құны қымбат...
5. Егер тағдыр саған лимон ұсынса, одан лимонад жаса.
6. Егер адам өзіне қарсы соғыс жарияласа, онда бағалауға лайық болғаны. 
7. Әрине, сіздің күйеуіңіздің кемшіліктері бар. Ол әулие болса, сізге ешқашан үйленбес еді. 
8. Бос жүрмеңіз. Дүниедегі ең арзан әрі тиімді дәрі – қолдың бос болмауы. 
9. Үстіңізге киген киімнен гөрі жүзіңіздің нұрлы болуы әлдеқайда маңызды. 
10. Адамды өзгерткің келсе, өзіңнен баста. Әрі пайдалы, әрі қауіпсіз.

11. Қабылдаған шешімнің тұйыққа тірер жағын көз алдыңа елестет. Алдын ала соны біліп, іске кіріс!  
12. Адамның өз есімі кез келген тілде ол үшін ең әуезді әрі мәнді сөз болып қала бермек.  
13. Бақытсыздықтың құпиясы бақыт туралы ойлауға уақыттың тым көптігінен. 
14. Көреген адам үшін әрбір атқан таң жаңа өмірдің есігін ашады. 
15. Көп адам жәй ғана әңгіме айту үшін дәрігер шақыртады. 
16. Үлкеннің әңгімесіне құлақ түру баланың әдеті, сондықтан сақ болыңыз. 
17. Адамдардың менде де, сізде де шатағы жоқ. Таңертең де, түсте де олар тек өзімен ғана әлек. 
18. Ертең жоқ. Адамды құтқаратын күн – бүгін. 
19. Жағаңнан алған дұшпаннан қаймықпа, дарақы мақтанға үйір ететін достан сақтан. 
20. Егер адам өзінен басқаның бәрінен кемшілік іздесе, ол пенделік болмыстың шынайылығы.   
21. Қорқыныш сіздің санаңыздан бөтен жерде өмір сүрмейді.
22. Өзге адамның орнына өзіңізді қойып, сізге емес, оған не керек екенін нақты түсінуге тырысыңыз. Осыны істей алған адам әлемге есік ашады. 
23. Бір нәрсені үйренсем деген тілектің өзі жетістіктің жартысы. 
24. Өзіңді бақытты адам сияқты ұста. Сонда қалай бақытты болып кеткеніңді аңғармай қаласың. 
25. Бұл әлемде махаббатқа ие болудың бір ғана жолы бар. Сезімді талап етуді доғарыңыз, ешбір алғыс күтпестен жүрегіңізді сүйіспеншілікке ашыңыз. 

 

Аударған Шынар ӘБІЛДА

 

0 пікір