БҰЙРАҚАРА
БҰЙРАҚАРА
11.07.2015 16:36
3015
0
Құл-Керім ЕЛЕМЕС

 (Бисмилләһир Рахмәнир Рахим)

 Тәңірі ісімен енесі өліп, жетім қалған қара қозыны Нәсілбай ата қорадан алып келді де:

– Мынаны бағып ал, – деді кішкентай Зәкәриясына. Олсыз да малсақ Зәкәриясы өзі сияқты кіп-кішкентай, сүйкімді Бұйрақараны көргенде қуанышында шек болмады.

– Әкел, ата! – деді. Оны дереу қолына алып, мұрынынан иіскеп, маңдайынан сипап, – тоңып қапсың ғой, – деп оттың жанына жақындатты. Шынымен-ақ тоңа бастаған Бұйрақара басын қақшитып, белін бүкшитіп, дір-дір етеді. «мә-ә, мә-ә» деп туа бітті Аллаһ сездірген, енесінің емшегін іздей ме екен, кім білсін, әйтеуір өзі сияқты биттей Зәкәрияның бетін, құлағын иіскелеп, титімдей құйрығын жыбыр-жыбыр еткізіп, түртініп-түртініп қояды.

– Қарны аш екен, ата, сүт берейікші, – деп елбіреген Зәкәрияда жан жоқ. Сүт те берді. Бәрін берді. Бала емес пе?! Отықпаған қозының, жеті күнге дейін сүттен басқамен қоректенбейтінін қайдан білсін? – Өзі сүт ішкеннен басқаны білмейді екен, ата. Шөп те жемейді, – деді Зәкәриясы. Оған Нәсілбай ата:

– Ол әлі отыққан жоқ, балам. Жеті күннен кейін бәрін де жейтін болады, – деді. Сөйтіп жүріп жеті күн де толды. Бұйрақара отықты. Енді Зәкәрия берген шөптің өзін дейсің бе, күлін дейсің бе әйтеуір, бәрін де жей бастады. Ақырын-ақырын Зәкәрияға бауыр басып кетті. Қайда барса оның артынан маңырап қалмайды. Зәкәрия да оны тастамайды. Балалармен ойнағанда да оны өзімен бірге ертіп алады. «Бұйрақара» деп ат та қойып алды.

Сөйтіп жүріп, Бұйрақара қой болды. Бірақ, ол басқа қойларға қосылмады. Үйде жүре берді.

Содан, қойшы. Бұйрақара қой болып, бір күні ол да қозылап, өзі сияқты тағы бір қара бұйра қозы туды. Ол сондай қозысына мейірімді қой болды. Қозысы да тез жетіліп күннен-күнге марқая бастады. Бірақ оның қозысының мінезі өзіне ұқсамады. Ол өзі сияқты басқа қозылармен бірге асыр салып, ойнап, адамға жоламай өсті.

Десе де енесінің қасынан ұзап кете алмай жүрген Бұйрақараның қара бұйрасы бір күні таңертең, өріске беттеген қоралы қойға қосылып бірге кетті. Ана-а-дайға барып, қайтадан жүгіріп енесіне келген ол, енесінің емшегін бір-екі сорып-сорып жіберіп, қайтадан ұзап бара жатқан қоралы қойға қарай ұшты. Оның артынан Бұйрақара да жүгіріп, сонада-а-й жерге барып, тоқтай қалып, артына қарап бір маңырап, алдындағы қозысы кеткен өріс соңына қарап бір маңырап, ақыры қозысының артынан жүгіре жеткен бойы, қоралы қойға қосылып кетті...                                                                      

 2006.08.14

  Бала тәрбиесі  

Бесіктің берекеcі
Бесік жыры
Жәннаттың ғажабы
Кешірім сұрау
Қолсыз және ауызсыз әке 

Болашақтың кепілі –рухани тәрбие 
Балалы болудың ақыреттегі пайдасы
Қардан жасалған гүл
Сәби мен сүннет
АҚШАБАҚ
ШЕҢБЕРЛЕУ 
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
БЕЛГІ
КІСІЛІК
Бұзақы аю
КІСІЛІК
Әр істің басы "Бисмилләһ"

 

0 пікір