БОҚТАП СӨЙЛЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ КҮНӘ?
БОҚТАП СӨЙЛЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ КҮНӘ?
24.02.2023 05:45
533
0

Боғауыз сөз айту кез келген қоғамда әдептілік нормаларына теріс саналатыны сөзсіз. Көркем мінезді толықтыруды мақсат тұтатын дініміздің де мұндай сүйкімсіз нәрседен тыятыны даусыз. Тирмизидің хадис жинағында келген риуаятта ардақты Пайғамбарымыз былай дейді:

«Аллаға иман еткен кісі міншіл емес, қарғап-сілеуші емес, жаман жүрісті емес, былапыт, балағат сөзді(بَذِىءٌ) емес»[1]  Аталмыш хадисте өзін мүмин санайтын кісі өз бойындағы әлгіндей сүйкімсіз қылықтар бола қалған жағдайда, олардан тазалануы керек екендігін ашық айтылуда.

Тағы бір хадисінде былай дейді:

«Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз, Алла тағала боғауыз, былапыт сөз айтушы ( الفاحش البذيء)кісіге ашуы келеді»[2] 
Бухаридің хадис жинағында көрсетілген бір хадисте әке-шешеден сыбаудың үлкен күнәлар қатарына кіретіндігін айтылған. Ол(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы», – деді. Сонда одан бір кісі:«Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, Уа, Расулалла?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз сонда (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Кісі біреуді әкесінен сыбайды. Ол да оны (өз кезегінде жауап ретінде) әке-шешесінен сыбайды. (осылайша біреу арқылы өз ата-анасын боқтаған болып отыр)[3]», – деп жауап береді.  Ендеше, мұсылмандардың боғауыз сөзден бойларын аулақ ұстағаны абзал. 

 

[1]Тирмизи, «Китабуль бир», №1977 хадис.
[2]Тирмизи, «Китабуль бир», №2002 хадис.
[3]Бухари, «Китабуль Әдәб», №5628 хадис.

 

Абдусамат Қасым

 

0 пікір