БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖӘНЕ ҒАЖАЙЫП ЖАНДАРЫНА ҰШБУ ХАТ
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖӘНЕ ҒАЖАЙЫП  ЖАНДАРЫНА ҰШБУ ХАТ
26.07.2019 11:14
558
0

                Сүйікті бүлдіршіндер! Сендер тап-таза, бейкүнә жансыңдар. Өйткені мейірімді Алла  сендерді пәк етіп жаратқан. Бірақ, естен әсте шығаруға болмайтын жағдайлар бар, өскен сайын қоршаған орта сендерді өзгертеді, өзгертуге тырысады, әуелі күнә жасатады, тіпті Жаратушыны да ұмыттырады. Сондықтан төмендегі пайдалы кеңестерге мән беріп отырсаңдар, олар сендерді өзгертіп жаман адам қалыбына сала алмайды. Сонымен;
1. Барлық істі «Бисмиллә»-мен бастаңдар. Сосын Аллаға мадақ (хамд) айтыңдар, шүкір деңдер яғни  «Әлхамду лиллә»- деңдер.  Мысалы су ішерде, тамақ жейтін кезде «Бисмиллә»- деп бастаңдар. Ішіп-жеп болған соң «Әлхамду лилләһ, уа Раббым мың алғыс Саған!»- деңдер.
2. Барлық жамандық атаулыдан Аллаға сиыныңдар (Әғуузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражийм) деңдер. Алла  сендерді қорғайды.
3. Жұма намазына қайткен күнде қатысып, еш уақытта қалдырып қоймаңдар.
4. Шама-шарқыларыңа сай бес уақыт намазды уақытылы әрі үзбей өтеңдер.
5. Оразаны да жыл сайын ұстаңдар.
6. Бай болсаңдар мұқтаж адамдарға үнемі қол созыңдар. Зекетті де беріңдер.
Қандай жағдайда да жалған айтпаңдар әрі басқаларға жала жабушы болмаңдар.
8. Қолда барға қанағат қылыңдар. Аз болса сабыр етіп, көп болса шүкір етуді ұмытпаңдар. Өзгенің мүлкіне көз салмаңдар, дәметпеңдер. Ал көз салып дәметер болсаңдар, ол қалауларың әртүрлі күнәға жетелеуі бек мүмкін. Ұрлық, қызғаныш әрі жала тағы басқаға...
9. Ешкімді ғайбаттамаңдар. Қате-кемшілігі болса көркем түрде, жеке жерде өзіне ескертіңдер немесе үндемеңдер.
10. Үсті-бас, киім-кешектеріңе аса мән беріңдер. (Көптеген киім үлгісі өзгелердің қалдығы екенін ескеріңдер(ауд)). Қыздарым жамылға да жаулықта Алланың әмірі екенін ұмытпаңдар. Ар -ұятты, сол ұялу сезімдеріңді еш уақытта жоғалтпаңдар.
11. Өте көп кітап оқыңдар. Бірақ, таңдап жақсы әрі пайдалы кітаптарды оқуды әдеттеніңдер. Үлкендер мен ұстаздарыңнан осы жайлы көмек сұрап ақылдасып отырыңдар. Мен тағы бір күні осыған орай бір тізімін бере жатармын. Құдай жеткізсе. Оқу адамды дамытып, көкжиегін кеңейтіп, тілін ұштап әрі әсемдейді. Өздеріңді, дінімізді, ойларыңды кеңірек таныта аласыңдар.
12. Үнемі өндіруге құмар, жасампаз болыңдар. Жалқаулықтың ауылынан ойды, бойды алыс салыңдар. Ой-пікір, технология һәм жобаларға жасампаздық жасап, түрткі, себепкер болыңдар. Мінекей ол үшін үздіксіз оқу, ойлану  еңбектену  керектігін әсте  ұмытпаңдар.
13. Ең алдымен ата-ана, сосын ұстаздарыңа құрмет көрсетіңдер. Бірақ, олар сендерге қате бір дүние айтар болса; дініміз, отанымыз және ұлтымызға қайшы бір нәрсе болса, бұл қалауларын іске асырмай, оларды туралықпен ақиқатқа көркем түрде шақырыңдар.
14. Ұлық Алла Тағала  барлығымызды жаратып, сансыз нығметтерімен азықтандырып әрі әртүлі жамандықтан сақтаушы Өзі ғана. Өмір бойы текқана Аллаға құлдық ұрып, тек Одан ғана жәрдем тілеңдер. Мінекей осы іс сендерді абыройлы, әділ һәм мейірімді бір тұлға етіп қалыптастырады.
15. Үнемі тілек-тілеуді ұмытпаңдар. Жатарда, тұрарда, сабаққа барарда... иә үнемі дұға етіңдер. Сондай-ақ бізге де тілеуқор болыңдар.

Өмірлерің мәнді болсын құлыншақтарым!

Ерекше сәлеммен: Аталарың Рифат Орал!

Аударған: Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір