БІЗ МҮМІННІҢ СИПАТЫН БОЙҒА СІҢІРГЕН ХАЛЫҚПЫЗ!
БІЗ МҮМІННІҢ СИПАТЫН БОЙҒА СІҢІРГЕН ХАЛЫҚПЫЗ!
12.08.2020 12:55
174
0

Біз;

 әке тұрып ұл сөйлегеннен безетін,

ата-ененің қалауын қабағынан сезетін,

ата-анасы жынды болса, байлап бағатын,

қолдағыны бөліп беріп көрші мен қонақтың көңілін табатын,

 қызына қырық үйден тыйым салатын, тағы да басқа көптеген мүміннің сипаты, мұсылманның мұраты саналатын асыл қасиеттерді отбасы ошақ қасында бойға сіңіретін салт-дәстүрі бар халықпыз. Атадан мұра болып қалған нақыл сөздер мен өлең-жырлардың имандылыққа баулуда алар орны айрықша. Солардың бірнешеуіне тоқталар болсақ, мысалы,

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам

Еш нәрсеге ұқсамайды Ол, еш нәрсеге,

Кітаптың айтқанынан ойлама көп, – деп әһлі сүннәнің ақидасын өлеңмен өрнектегенМәшһүр Жүсіпті,

Билер, пара жемеңдер,

Жанға бейнет кезбеңдер.

Кісі хақын алмаңдар,

Аузыңа пара салмаңдар.

Дүние жинап өткен жоқ,

Бізден бұрынғы Пайғамбар.

Сөз айтайын, үлкендер,

Құдайдан ғапіл өтпеңдер.

Әлің келсе, Мекке бар,

Артық дәулет біткендер! –деген Шортанбайды,

Қараңғы қабірде жатпақ қиын,

Таңла мақшар болады ұлы жиын.

Намаз, ораза, ғибадат бек пайдалы,

Алладан тілек қылып, күнде сыйын.

Жігіттер, өлім – рас маған нансаң,

Ораза ұста, намаз оқы, тілімді алсаң.

Ораза ұстамай, намазды оқымасаң,

Әрине, күнәсі не, өлмей қалсаң – деп ақыретті еске салған Шал ақынды,

Алла деген ар болмас,

Алла деген пенделер,

Еш нәрсеге зар болмас, – деп Аллаға арқа сүйеуге  шақырған Бұхар жырауды ақиқат жолынан адасқан деп кім айта алады?

 

 

0 пікір