БИЯЗЫ ЕСКЕРТУ
БИЯЗЫ ЕСКЕРТУ
17.01.2022 11:10
144
0

Біреу шафиғи фиқх ғалымы Әбу Хамид Исфәрайиниден (рah.) оқуға аманат етір кітап алады. Әбу Хамид (рah.) бір күні оның алған кітабының үстіне мейіз қойғанын көреді. Ол адам кейін тағы келіп кітап сұрайды.

Әбу Хамид сұраған кітабына бір тостаған қосып береді. Кітап сұрап келген адам “Мынау не?” дейді. 

Әбу Хамид (рah.): “Мынау сұраған кітабың; ал мынау жейтін нәрсеңді салатын тостаған” дейді. Сөйтіп оның жіберген қатесін түсінуіне және кітапқа құрмет мәселесінде ұқыпты болуына көмектеседі. 

 

0 пікір