БІР СӘТ ҚҰЛАЙ БІЛГЕН ДЕ ЖАҚСЫ
БІР СӘТ ҚҰЛАЙ БІЛГЕН ДЕ ЖАҚСЫ
02.12.2021 09:41
759
0

Бүгін бір көліктен түсе бергенімде, кеудеге тағатын белдігіне аяғым ілініп қалып, оңбай құладым. Тасқа тиген тізем сыдырылып, ауырса да өзім мәз болып күле беріппін. Және:

 "Шүкір, шүкір, құлағаным бұлай жақсы болар ма?!" деппін.)) Жүргізуші жаны ашып, сөйлеп жатыр.

Сосын:

 "Неге күлдіңіз? Құлағаныңызға риза сияқтысыз ғой" дейді.

Мен:

 "Кім білген, біреу-міреу жайлы жақсы ойда болмай қалдым ба, әлде бірдеңе деп те қойдым ба екен. Соның есесін қайтарып жатырғаным шығар. Соған қуандым. Соған бола шүкіршілік еттім" деп жатырмын.

Оқыстан маңдайымды соғып алсам, кенеттен есікке аяқ-қолымды қысып, не тілімді тістеп алсам да осылай қуана салатын болыппын...)) шамасы, ораза айының тәрбиесі болса керек. Бұрын ғой, бұрын, ашу қысып, не демейтін едік. Ешкім ұрмай-соқпай өз-өзіңнен таяқ жеп жүрген де жақсы екен. Өмірден түйгенім.)


Мұнайдар БАЛМОЛДА

 

0 пікір