Білгіңіз келсе...
Білгіңіз келсе...
06.12.2017 11:01
457
0

Бiр күннiң мәнiсiн бiлгiңiз келсе,

 - Ауырып ажалын күтiп жатқан науқастан сұраңыз.

Қаншама жылдар бойы бiр жанды күтудi бiлгiңiз келсе:

 - Балалар үйiндегi терезеге телмiре қараған сәбиден сұраңыз.

Күннiң калай өтпейтiнiн бiлгiңiз келсе:

 - Қарттар үйiндегi ойынан жаңылған қариядан сұраңыз.

Екi адамның арман-мақсатымен өмiр сүргеннiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе:

- Аяғы ауыр әйелден сұраңыз.

Ұйқыны мың бөлудiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе:

 - Өзi тоңса жамылмағанмен, қасындағы сәбиi ашылып қалмады ма деп түн ұйқысын бөлетiн Анадан сұраңыз.

Бiреудi шексiз сүю қандай екенiн бiлгiңiз келсе:

- Аллаға сансыз құлшылық ететiн жаннан сұраңыз.

0 пікір