БЕС ТҮРЛІ АДАММЕН СӨЙЛЕСПЕ, ДОС БОЛМА
БЕС ТҮРЛІ АДАММЕН СӨЙЛЕСПЕ, ДОС БОЛМА
08.07.2021 09:47
852
0

Имам Мұхаммед Бәкір:

 «Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған:

 «Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма», – деп насихат айтты. – Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз?» – деп сұрадым.

 Сонда былай деп түсіндірді:

 – Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді.

 – Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе?» – деп сұрадым.

 – Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе.

 – Әкетай, екіншісі кім?

 – Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді.

– Үшіншісі кім?

– Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді.

 – Төртіншісі кім?

 – Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді.

 – Әкетай, бесіншісі кім?

– Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым.

 

 

 

0 пікір