Барыңды білдір...
Барыңды білдір...
18.06.2019 12:22
513
0

Әбуілхасан Нұри деген қасиетті адам айтқан екен дейді:

- Кімде кім өзінің бұл дүниеде бар екенін Жасағанға білдірмесе, ол сол күйі өтеді,-деп.

Бұл сөздің тәпсірі асылы төмендегі біз бүтіндеген бейтте:

Сені Құдай жаратты топырақтан,

Айналдырып сондай бір асылзатқа.

Соны қылған иеңді ойламайтын,

Кім едің, жатып алған жасыл бақта?

Есің алып Раббыңды жүрсең етті,

Жақсы іс қып, кең сарайға енсең етті.

Түк бітірмей, ішіп-жеп, тыныш жүрген,

Кім ұнатар, боқ қарын, сендей бетті?..- иә, Құдай-Тағала адамзаттың есебін біледі. Өлісін де тірісін де. Түк бітірмей жүргендерді тіптен.

Бұл арада Иеңе жалбарына біл, барың, барлық ризығың содан емес пе деген үлкен сауал, мәселе жатыр.

Мұнайдар Балмолда

 

0 пікір