БАРЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ – НӘПСІ
БАРЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ – НӘПСІ
15.09.2021 10:55
239
0

Алла Тағала Құран кәрімде былай дейді: (Юсуф пайғамбар былай деді:) «Мен өзімді ақтамаймын. Өйткені қу нәпсі әрдайым жамандыққа бұйырады. Ал Раббым (нәпсінің азғыруынан сақтап) рақымына бөлегеннің жөні бөлек. Шүбәсіз, Раббым Ғафур (өте кешірімді), Рахим (мүмін құлдарына ерекше мейірімді)». (Юсуф сүресі, 53-аят)

Алла Тағала Бақара сүресінің 256-аятында былай дейді: «...Бұдан былай кімде-кім «тағұтқа» қарсы келіп, бір Аллаға иман келтірсе, онда оның өте берік тұтқаны ұстағаны...». Аят кәрімдегі тағұттың мағынасы азғындық, шектен шығу, Аллаға және Аллаға жеткізетін жолға кедергі болған барлық нәрселер.

Ғалымдар бұл жердегі «тағұт» сөзін жеті нәрсемен тәпсірлеген: Шайтан, сиқыршы, көріпкел, пұттар, адамдар мен жындардың азғындары, Аллаға қарсы келіп, Одан басқасына табынғандар және үнемі жамандықты үгіттеп тұратын нәпсі. 

Алла достарынан Сәхл Түстәри (рах.) былай дейді:

 «Тағұттың негізі - үнемі жамандықты үгіттейтін нәпсі. Өйткені шайтан жалғыз өзі адамды жамандыққа итермелеуге шамасы келмейді. Тек нәпсінің қалау, құмарлығын пайдаланады. Сол себепті, егер шайтан адам баласының бір нәрсені қалау, құмарлығын сезе қалса, бірден құлағына сыбырлап, уасуаса беріп, тура жолдан тайдырады».

 

0 пікір