БАЛАҒА ӨСИЕТ
БАЛАҒА ӨСИЕТ
31.07.2015 17:29
6449
0

 Шырағым, балам! Көршіңді көріп қалсаң, хал-жағдайын сұра. Мазасызданып қалса, көңілін сұрап бар. Үйіне барсаң, рұқсатсыз ішке кіруші болма. Қолыңнан келсе, көршіңнің қажеттіліктеріне қарайлас. Өйткені Алланың дінінде көрші ақысы өте маңызды. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Көршінің сенде мирасқорыңдай ақысы бар. Егер Құдай қосқан қоңсың мұсылман болса, онда оның алдында екі міндетің болады. Біреуі – көршілік, екіншісі мұсылмандық.»

Көршің аш отырса, сенің де ас ішуге ақың жоқ. Өйткені оның сенің қолыңдағы астан да алар ақысы бар. Дастарханға отырған сайын көршілерімнің аш отырғандары жоқ па екен деп ойла.

Әрбір мұсылман, әсіресе жаңа үйленгендер үй іздесе,  көршілердің иманына, дініне көңіл бөлуге тиіс. Хадисте айтылғандай: «Үй сатып алардан бұрын көршілерің кім боларын, жолға шықпастан бұрын сапарласың кім боларын қарастыр». Көрші ақысы ата-ана ақысына жақын. Көршілерге жақсылық жасасаң, олардың ақысын өтегенің сол.

  Бала тәрбиесі  

Бесіктің берекеcі
Бесік жыры
Жәннаттың ғажабы
Кешірім сұрау
Қолсыз және ауызсыз әке 

Болашақтың кепілі –рухани тәрбие 
Балалы болудың ақыреттегі пайдасы
Қардан жасалған гүл
Сәби мен сүннет
АҚШАБАҚ
ШЕҢБЕРЛЕУ 
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
БЕЛГІ
КІСІЛІК
Бұзақы аю
КІСІЛІК
Әр істің басы "Бисмилләһ"
БҰЙРАҚАРА
ӘДІС
Әкемнің маған көтерген алғашқы да ақырғы таяғы
Абайлаңыз, мультфильм!
Кемпірқосақ оқиғасы

0 пікір