Бала мен бал
Бала мен бал
17.08.2015 17:13
3301
0

Бір бала балды көп жей береді екен. Оның бұл әдетін қойдыра алмаған әке-шешесі жағдайды айтып, баланы Имам Ағзам Әбу Ханифаға ертіп әкеліпті.

       Имам баланы  өзіне қырық күннен кейін әкелуді тапсырады. Айтылған қырық күн өткенде, имам бар болғаны балаға: «Балды енді көп жеме, жарай ма?» - деп ескертеді. Бір қызығы, бала содан бастап бал жеуін сап тыйыпты.

       Кейін баланың ата-анасы:

-         Не себепті кеңесіңізді қырық күннен кейін бердіңіз? - деп таңырқағанда, имам:

-         Баланы әкелген күні өзім бал жеген едім. Егер өзім жасаған істі басқаға жасама десем, насихатымның әсері болмас еді. Балдың әсері ағзамнан толық кеткенше қырық күн күтуіме тура келді, - деп түсіндірген екен.

 

0 пікір