БАЙ БОЛУ ҮШІН ТƏУЕКЕЛШІЛ БОЛ!
БАЙ БОЛУ ҮШІН ТƏУЕКЕЛШІЛ БОЛ!
17.10.2020 13:22
581
0

Америкалық бизнесмен, Nike брендінің негізін қалаушы Фил Найт батыл, ерік-жігері мықты жəне шығармашыл тұлға. Ол сондай-ақ жас кезінен білімге құмар, ізденімпаздығымен ерекшеленген жан. Журналистика мамандығында оқыған Фил Найт студент кезінде спортпен шұғылданған. Жүгіруге жақындығын  байқаған бапкері Билл Боуэрман ерекше назар аударып, қолдап жүреді.

Университеттен соң аспирантураның экономика мамандығына түсіп, түрлі  семинарларға қатысады. Бірде Жапонияда тігілген спорттық аяқ киім фирмасының даму стратегиясын жасап, бизнес-жоспарын ұсынады. Сол күннен бастап Nike бренді туралы идеясын іске асыру қадамы басталған еді.

Фил Найт алдымен əкесінің талабымен бухгалтерлік фирмада еңбек етіп, Стэнфордта дəріс оқиды. Жапонияға сапарлатып, ол жақтағы арзан аяқ киімдерді көріп, таңданысын жасыра алмайды. Жапондықтар үшін сапа бірінші орында тұратын. Абырой мен тұтынушы алдындағы жауапкершіліктері тіпті таңдай қағарлықтай еді. Фил осы сапарынан соң АҚШ-қа оралып, баяғы жаттықтырушысы Билл Боуэрман жəне атлетик досы Джеф Джонсон үшеуі  Blue Ribbon Sports деген атпен спорттық тауарлар сата бастайды. Бірақ бұл бизнесі сəтсіз болады.

1971 жылы əкесінің қалауымен жұмыс істеп жүрген жері бухгалтерлік мекемедегі жұмысын тастап, бар уақытын аяқ киім бизнесіне арнауды жөн көреді. Бұл бастамасы өте табысты болады.

Енді бизнесін қарапайым жолмен бастаған  Фил Найтты əлемге əйгілі еткен, бас айналдырар табыстарға жеткізген қандай қасиеттері мен ұстанымдары еді?!

Фил Найттың сөздерінен қысқаша аударып ұсынамыз.

1. Өмір - бұл өсу. Сіз жəй ғана өсесіз не өшесіз.

2. Жаңадан өзің тарих жаса немесе сол тарихтың бір бөлшегі бол.

3. Сіздің мақсатыңыз не? Жеңіс пе? Онда кез келген жолмен жеңіске жет. Жеңіссіз біз ешкім емеспіз.

4. Тек жеңу үшін емес, жеңіліске ұшырамас  үшін күрес.

5. Голиаф болған жаман емес. Ал Давид сияқты əрекет етуге тиіспіз.

6. Бойыңыздағы талантыңызды өшіріп алмау үшін тəуекел етуден қорықпаңыз.

7. Сіздің идеяңызды іске алғысыз етіп тастаса да, алға қарай жүруді тоқтатпаңыз. Қандай жағдайда да тоқтамаңыз. Əлемді өзгерткен тосын идеялар.

8. Тоқтамаңыз. Мақсатыңызға жетпей орта жолда тоқтауды ойламаңыз да. Сосын мақсат қайда деп тым ойлай берудің де қажеті жоқ.

9. Өз қалауыңызды орындаңыз. Сол кезде шаршауыңыз да  рахатты шаршау болып сезіледі. Көңіл қалатын тұстар сізді күйретпейді керісінше алға ұмтылдырады,  ал қол жетпеген биіктерді бағындырудың лəззаты тіпті ерекше болады.

10. Кез келген шаршау мен сарқылудың емі бар. Ол - табанды еңбек ету.

11. Батыл армандай біл. Құлаудан қорықпа. Тоқтаусыз əрекет ет.

12. Жұмыста да, өмірде де жанжалдар болып тұрады, үнемі тыныштық пен хаос арасында бітіспес күрес болады. Екеуі де бірін бірі жеңе алмай итжығыс түскенмен, екеуі де сізге əсер етеді. Егер сіз осы жанжал, келіспеушілікті сəтті шеше алсаңыз, табыс кілті сіздің қолыңызда дей беріңіз.

13. Адамға керегі өзіне деген сенімділік. Ол байлық пен өтімділіктен де маңызды.

14. Ұсақ-түйек сəтсіздіктердің сені ойландыруына жол берме. Айтпақшы, өмірдегі  сəтсіздіктердің бəрі мəн беруге тұрмайтын ұсақ-түйек сəтсіздік екенін естен шығарма.

 

Аударған: Айнұр Əкімбайқызы

0 пікір