әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 4
әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 4
19.11.2018 14:04
516
0

(Құранға қатысты кейбір дау-дамайлар және Имам Ханифа (р.х) ға тағылған жалаларға жауап)

قال الامام ابو حنيفة
والقرانُ كلامُ اللهِ تعالى في المصاحِفِ مكتوبٌ، وفي القلوبِ محفوظٌ، وعلى الألسُنِ مقروءٌ، وعلى النبيِّ عليهِ الصلاةُ والسلامُ مُنـــزَّلٌ، ولفظُنا بالقرانِ مخلوقٌ، وكتابتُنا لهُ مخلوقةٌ، وقراءتُنا لهُ مخلوقةٌ، والقرانُ غيرُ مخلوقٍ . وما ذكرَهُ اللهُ في القرءانِ حكايةً عن موسى وغيرِهِ منَ الأنبياءِ، وعن فِرْعَوْنَ وإبليسَ، فإنَّ ذلك كلَه كلامُ اللهِ تعالى إخبارًا عنهم، وكلامُ اللهِ تعالى غيرُ مخلوقٍ وكلامُ موسى وغيرِهِ منَ المخلوقينَ مخلوقٌ، والقرانُ كلامُ اللهِ تعالى فهوَ قديمٌ

Имам Әбу Ханифа былай дейді:
«Құран Кәрім; Аллаһ кәламы болып мұсхафтарда жазулы, жүректерде жаттаулы, тіл мен оқылады және әз Мұхаммедке түсірілген. Біздің Құранды дыбыстауымыз, жазуымыз және оқуымыз жаратылған болып табылады (өйткені бұл құлдың ісі), Бірақ Құран(ның негізі) махлуқ емес (өйткені ол Аллаһтың кәламы)».
Аллаһтың Құранда атап айтқан Мұса және басқа елшілерден, перғауын және ібілістер жайлы берген хабарларының барлығы Аллаһ кәламы, Олар жайлы хабар беруде. Аллаһтың кәламы махлуқ емес, Бірақ Мұсаның және басқа жаратылыстардың кәламы жаратылған болып табылады. Құран(ның асылы) болса Аллаһ кәламы болып, қадим әрі ежелден бар».

Ашықтау:

Имам Ағзам бұл жерде, ескі бір  көне тартысқа жауап беруде. Сол кезде Муғтәзила мәзһабы, тәухид сенімі, айдары бойынша мынандай бір көзқарас айтқан: «Аллаһтың текқана заты бар. Сипаттарына келер болсақ Аллаһ құдрет сипатымен басқа сипаттарын жаратады. Аллаһтың кәлам сипатыда сондықтан жаратылған «махлуқ» Құранда жаратылған.  Бұл көзқарас Ислам әлемінде құр дау дамай туғызып қана қоймай зейіндерді әуре сарсаңға салды.  Ортаға шыққан бұл жаңа көзқарасқа Имам Ағзам Әбу Ханифа бас болып, басқа мужтаһид имамдар және ғалымдар ерекше қарсылық танытты. Талас-тартыстармен ғалымдарды қанағаттандыралмаған бұл мәзһаб иелері хижри 212 жылында Аббаси халифасы Мәмнунды пайдаланып көзқарастарын/пікірлерін қоқан-лоқымен басқаларға мойындатпақшы болды. Қабылдамаған мужтаһид имамдар абақтыға жабылды әрі зұлымдық жасалды. Бұл зұлымдық кезеңінде өмір сүрген Имам Ахмед ибн Ханбәл бастап көптеген ғалым қаншама жылдап зынданда жатты және қинауларға ұшырады. Әуелі имам Бұхари, сол ғалымдардың тартқан азаптары жайлы бір кітап жазды. Ақылмен пікір еркіндігіне қатты мән берген Муғтазила мәзһабын ұстанушылар сол уақытта ақыл және пікір еркіндігіне өте үлкен томаға кигізіп әрі қатаң тиым салғанын байқаймыз.

Имам Ағзам, өз кезеңінде пайда болған бұл көзқарастарға әл-Фиқһул Әкбар атты еңбегінде жауап жазды және Аллаһтың Кәламы болған Құранның қандай түсінік беретінін ашықтады. Баршаға мәлім болғанындай Ислам ғұламаларының көпшілігінің көзқарасы байынша Аллаһтың сипаттары ежелден бар әрі мәңгі бақи. Аллаһтың кәламы да, зати сипаттарының біреуі болып ежелден бар және мәңгі бақи. Аллаһ уақыттан және мекеннен ада-күде пәк болып әріпсіз, сөйлемсіз және дауыссыз тілдеседі. Бірақ сөздерін адам баласына түсінікті болуы үшін әріп, сөйлем және дауыстар жаратады, сосын адам баласы оны естіп немесе оқып Аллаһтың кәламы Құранды түсінеді. Осыған орай Құранның баспадағы Жазуына, тілдердегі Дыбысқа, ақыл және қалбтағы Жаттауға (хифз) айналған түрі жаратылған болып табылады. Өйткені бұлар пәнденің істерінен болмақ. Бірақ негізгі (Кәламуллаһ болған) Құран жаратылмаған. Осы екеуін бір-бірінен жақсы ажырата білу керекпіз. (Құл бар нәрседен бір нәрсе жасап, оған дауысын салып дыбыстатса ол өзінің, жасаушының дауысы сөзі кәләмі болмақ. Аллаһ бізді жоқтан бар етіп бізге дыбыс, сөз сөйлем және кәләм берсе ол Оның сөзі кәләмі әсте емес ауд. Г.Б)

Әһлі сүннет ғұламалары бұл жерде өте нәзік бір айырмашылық жасап аталмыш жаңсақ көзқарастарға тұщымды жауап берген. Муғтазила мәзһабын ұстанушылары ғасырлар бұрын түгесіліп қалғандықтан олардың көзқарастары да кітаптары да жол арасында қалып қойған еді.

Бір жалаға берілген жауап:

Осы мәселеге байланысты Имам Ағзамға жабылған жаланы атап өтпесек болмайды. Ол кісінің ижтихадтағы хас қабілеті себебімен хадистанушы кейбір адамдар тарапынан қызғанышқа ұшырады және оны құрметсіздікке ұшырататын әңгімелер шертілді, әуелі ол әңгімелердің жартысы жалаға жалғасты. Солардың біреуі де, ол кісінің «Құран жаратылған» дегені және «Муржия болғаны» жайлы жалалар еді. Ол имамның «Иман амалдың бір бөлшегі емес, иман қалбпен тасдиқ және тілмен иқрар» дегені үшін ол кісіге Муржия деп жала жапты. Әйтпегенде әл-Фиқһул Әкбардан бастап бірнеше еңбегінде Құранның жаратылмағанын ашықтаған болатын (жоғарыда аталып өткендей), тіпті кімде кім осылай айтатын болса діннен шығады деген және өзінің де Муржияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын тікелей айтқан және осыған байланысты көптеген ғалымдармен хат алмасқан. Солардың біреуі сол уақыттағы мужтаһидтерден Осман әл Бәттиге жазған хаттарын атасақ болады, онда сол жалаларға жауап берген еді. Аталмыш жалалар ең өкініштісі Абдуллаһ бин Ахмәд бин Ханбәлдің «әс-Сунна» және Хатиб әл-Бағдадидің «Тарихул-Бағдад» атты еңбектерінен де кездестіріп қаламыз. Бұл жалалардың қуатты болуы үшін иснад тізбекпен кейбір риуаяттар аталуда, өкінішке орай осылайша Иснад ілімінің жаман іске қолданылуы және бұрмаланыуы нәтижесінде Ислам тарихында жаңа талас тартысқа жол ашты. Мұхаммед Зәһид әл-Кәусари «ТәғнибулХатиб» атты еңбегінде Хатиб әл-Бағдадидің Имам Ағзаммен байланысты риуаяттардың тахриждарын шығарып мәудуғ әрі дағиф екендерін анықтап басын ашқан болатын. Өйткені бұл риуаяттардың сәнадтары мәжһул (белгісіз) кісілерге толы еді. Сондай-ақ қазіргі таңда Др. Сайд әл-Қахтани тарапынан, әс-Сүнна кітабындағы иснадтардың тахриждарыда жасалған. Осы иснадтардың мәудуғ дағиф екендігі және мәжһул кісілерге толы болғандығы Др. Сайд бин Сәлимнің қанша тырысқанына қарамай жасырын қалмаған.

Мінекей мынандай бір сұрақ сұрау керекпіз. Осындай мәудуғ және дағиф дәлелдермен қалайша, ұлық бір Имамға тіл ұзатылады және жала жабылады?

Имам Шафиғидің Диуанындағы мына бәйт кәдімгі оларға жауап қатқандай:

لقد زان البلادَ ومن عليها - إمَامُ المسْلِمينَ أبُو حَنِيفة
بأحكامِ وآثارِ وفقهٍ - كآيَاتِ الزَّبُورِ عَلَى الصَّحِيفَة
فما بالمشرقين له نظيرٌ - ولا بالمغربين ولا بكوفه
فَرَحْمَة ُ رَبِّنا أبداً عَليْهِ - مَدَى الأَيَّامِ مَا قُرِئَتْ صَحِيفة

Аудармасы:

Өлкелермен тұрғындарын өңейткен,

Имам Ағзам мұсылмандар имамы.

Үкімдері еңбектері кеңейткен,

Кәдімгі олар Зәбур аят жинағы.

Ұқсассыз еш жеке дара тел өткен.

Шығыс, батыс, Куфағада симады.

Раббымыздың мейірімі боп өктем,

Болсын оның әз рухына ұдайы.

Ғасырлардан ғасырларға кеп көктем

Парақтары ақтарылса шынайы. (ауд. Б.Г)

Бізде сол Имам Ағзамды жақсы көреміз. Ислам тарихында жасаған қыруар қызметтерін аса қадірлеп ол кісге дұға етеміз.

 «Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір