ӘКЕҢ ЖЫНДЫ БОЛСА, БАЙЛАП БАҚ!.. (Қазақ мақалы)
ӘКЕҢ ЖЫНДЫ БОЛСА, БАЙЛАП БАҚ!.. (Қазақ мақалы)
14.02.2020 13:38
261
0

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ата-анаға қарсы шығу үлкен күнә». (Бұхари)
«Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді». (Нәсаи)
«Ата-анасына қарсы шыққан баланың өмірі берекесіз және қысқа болады».
Ата-анасы залым да болса, олардың айтқандарына қарсы шығуға, оларға дауыс көтеруге, дөрекі сөйлеуге болмайды.

«Ата-анам өте мейірімсіз, оларға қалай мойынсұнамын?” деген адамға Алла Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтерді, екі жыл емізді. Сені үлкейгенге дейін қойнында жетілдірді, қамқор болды. Әкең де сені өсіру үшін көптеген қиыншылықтарға төзді. Сенің қажеттіліктеріңді қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені ислам тәрбиесімен өсірді. Енді қалайша олар мейірімсіз болады? Бұдан асқан мейірім бола ма?». (Әййухәл уәләд илмихалы)

«Уа, Расулалла! ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?”, – деп сұраған адамға Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ Алла Тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді».

Ата-ана жаман да болса, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек.

Құран Кәрімде 3 нәрсе 3 нәрсемен бірге айтылған. Біріншісі орындалмаса, екіншісі қабыл болмайды.

Олар:

1.Пайғамбарымызға мойынсұнбаса, Алла Тағалаға мойынсұнылған болмайды.

2.Ата-анаға шүкір етілмейінше, Алла Тағалаға шүкір етілген болмайды.

3.Малдың зекеті берілмесе, намаздары қабыл болмайды. (Тәфсири Муғни)

 

0 пікір