АДАМ ДЕНЕСІНІҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ
АДАМ ДЕНЕСІНІҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ
20.11.2019 17:15
2172
0

*. Адамның дене мүшелері – таңғажайып жаратылыс. Өзге тіршілік иелерімен салыстырғанда, Алла адам баласына ерекше көрік, үйлесімділік берген. Адам денесі шамамен 60-70 кг ет пен сүйектен тұрады. Ал ет - ең тез бұзылатын дүние екені мәлім. Ыстық күнде ашық қалдырсаңыз, 3-4 сағаттың ішінде-ақ сасып кетер еді. Алайда, денеміздегі үздіксіз айналып тұратын қан айналым жүйесінің арқасында адам ағзасы 70,80,90 жылға дейін бүліну мен сасудан аман тұрады. Ал ет пен сүйекті қаптап тұрған тері – ішкі ағзаларымызды түрлі зақымдану мен бактериялардан қорғайды.

*. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу мүшелеріміз де - нағыз таңдай қақтырар ғажайыптардың бірі. Бұл мүшелердің барлығы да өмірімізді жеңілдетіп, біздің қажеттіліктерімізді өтеу үшін тоқтаусыз жұмыс жасайды. Егер Алла бізді қолсыз жаратса не істер едік? Немесе көзіміз алдымызда емес, артымызда орналасса ше? Екі аяғымыздың біреуі ұзын, ал біреуі қысқа болса қайтпекпіз? Денемізді жұмсақ тері емес, тікенек немесе қатты қабыршақ қаптап тұрса қалай болмақ? Әрине, мұның барлығы бізге өз кезегінде қолайсыздық тудыратын еді.

*. Әрбір дене мүшесінің рет-ретімен орналасуы және бірнеше жыл біздің күшімізсіз өз қызметін мүлтіксіз атқаруы – нағыз Шебер Алланың Теңдессіз Жаратушы екендігін айғақтайтын бірден-бір дәлел емес пе?

«...Аса Қайырымды Алланың жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба?» («Мүлк» сүресі, 3-аят)

0 пікір