Абайлаңыз, мультфильм!
Абайлаңыз, мультфильм!
27.07.2015 15:26
3236
0

        Қазіргі жаһандану заманындағы ғаламтор, көгілдір экран мен алуан түрлі фильмдер ересектерді ғана емес, балаларымызды да «жаулап» алды. Көптеген ата-аналар жұмыбастылықтарынан балаларына жеткілікті түрде көңіл бөле алмайды.

       Баласының қандай адам болып өсетініне ата-анасы жауапты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Балаларыңа жақсы тәрбие беріңдер. Шынында, перзенттерің – сендерге берілген сый» - деген.

       Ата-ананың назарынан тыс уақытта балалар көп уақытын аулада ойнағаннан гөрі, мультфильмдер көрумен өткізетіні белгілі. Өзіміз де «тыныш отырса болды» деп балаларымыздың теледидарға толықтай «енуіне» мүмкіндік жасаймыз. Ал сол аталған фильмдердің бала жүйкесіне зиянын тигізетінін білеміз бе?

       Өмірге келген сәтінен бастап сәби кез-келген әрекетті, дыбыстарды, естіген-көргендерінің барлығын да толықтай санасына сіңіріп өседі. Ал олардың жүйке-жүйесі біздердікі секілді емес, әлдеқайда нәзік, енді ғана қалыптасу үстінде болғандықтан мульфильмдердегі атыс-шабыс, кейіпкерлердің сөздері, жарқыраған қызылды-жасылды оттар бала жүйкесіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

       Технологиялық тәуелділік .

       Бала экрандағы жақсы болсын, жаман болсын кейіпкерлердің қылықтары мен іс-әрекеттерін айна-қатесіз қайталайды. Осылайша өзін сол мультфильмнің бір батыр кейіпкері санайды. Теледидар өмірінің ажырамас бір бөлігі болып қалады. Күнделікті атқаруы тиіс сүйікті ісіне айналады. Үлкейген сайын балаларымызды экраннан алыстатуымыз да қиынға соғады. Технологиялық тәуелділік дегеніміз міне осы.

       Жасына қарай балаларға компьютер мен теледидар алдында отыру уақыттарына шектеу қойылған:

       3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – жарты сағат

       6-12 жас – 1 сағат

       12 жастан бастап күніне 2 сағат отыруға рұқсат етілген.

       Ғалымдар теледидардың балаға тигізетін зиянын атап көрсеткен:

-         жағымсыз кейіпкерлерді көрген бала агрессивті, дөрекі немесе керісінше, қорқақ, жасқаншақ болып өседі

-         үнемі апатиялық сезімде болып, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді

-         көңіл-күйі тұрақты болмайды

-         сөйлеуі кешеуілдейді

-         ойлау қабілеті төмендейді

-         физикалық тұрғыдан өсуі тежеледі т.б.

       «Спанч Боб», «Шрек»...

       Қазір компьютер мен телефонға үңілмейтін бала жоқ шығар. Қосып қалса  болғаны, қалаған кино немесе мультфильмдерін көре алады. Балалардың ажырамас «досына» айналып отырған, «модада» жүрген мультфильмдерді алайық. Мысалы, «Спанч Боб». Оны губка Боб дейді. Ондағы басты кейіпкер Бобтың достарымен бірге қыдырып жүргендерін көрсетеді. Бір-біріне ақымақ, есалаң, жынды деген сөздер айтып, балағаттап, түрлі теріс қылықтар көрсетеді. «Көше» стилін, жастар слэнгін қолданады.

       «Шрек» те солай. Онда ұсқынсыз шрэктің бастан кешкендері көрсетілген. «Сүйіктісімен» отбасын құруы, сиқыршылар, рождество, хэллоуин...Үш жасар балаңызға «үлкен» өмірді «үйретеді». Ал рождество мен хэллоуинді тойлағанды қай қазақтан көріп едіңіз?

       «Джеки Чан», «Айдаһарлар мен жауыздар» т.б. саны бар сапасы жоқ мультфильмдердің де мазмұны «зұлымдық» ауылынан алыс емес. Олар балаңыздың досы емес, нағыз жауы екенін ұмытпағайсыз. Сол баяғы батыстың шырғалаңы...

       Сондықтан балаңыз қандай да бір фильм немесе мультфильмдер көретін болса мазмұнына мән беріңіз. Бірге отырып көріңіз. Сосын көрген нәрсеңізді талқылаңыздар. Балаңыз көргенінен сабақ ала алды ма? Ерінбеңіз! Жіті қадағалаңыз.

       Бала тәрбиесі деген өте нәзік дүние. Ол ұзақ жылдар бойы қалыптасатын нәрсе. Ал ең дұрысы – баламен көбірек тілдесу. Ешбір фильм сіз оқып берген діни әңгімелердің, ертегілер мен аңыздардың орнын баса алмайды. Рухани тәрбие мен сіздің махаббатыңыз мың есе артық.

       Ертеңгі күні «осы балам неге мұндай болды екен» - деп өкініп қалмас үшін балаңызға назар аударыңыз, көп уақытыңызды оның тәліміне, жақсы адам болып өсуіне жұмсаңыз.

 

  Бала тәрбиесі  

Бесіктің берекеcі
Бесік жыры
Жәннаттың ғажабы
Кешірім сұрау
Қолсыз және ауызсыз әке 

Болашақтың кепілі –рухани тәрбие 
Балалы болудың ақыреттегі пайдасы
Қардан жасалған гүл
Сәби мен сүннет
АҚШАБАҚ
ШЕҢБЕРЛЕУ 
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
БЕЛГІ
КІСІЛІК
Бұзақы аю
КІСІЛІК
Әр істің басы "Бисмилләһ"
БҰЙРАҚАРА
ӘДІС
Әкемнің маған көтерген алғашқы да ақырғы таяғы

0 пікір