Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
13.06.2015 17:48
4844
0
Асылбек Әуезханұлы

5-сабақ 

Үйдің іргетасы мықты болсын 

Отбасын құрып, үй болғысы келген адам оның іргетасын мықты етіп қалауы керек. Бірақ бүгінде сөз байласу, атастыру, той жасау, құда шақырудың қамына кірісіп жүргенде көптеген жастар өз үйлерінің іргесін солқылдақ етіп қалап жүргендері жасырын емес. Кейде тіпті әлі некенің өзі қиылмай жатып құдалар бір-бірімен сөзге келісіп жатады. Қыз берген жақ: «Құда кәдені олай жаса, былай жаса» дейді. Келін алып отырғандар: «Біз өзіміз білеміз. Біздің елдің салты басқа» дейді. Сонымен ә дегеннен-ақ ортаға сайтанның қара туы тігіледі. Міне, осы жағдайда шаңырақ көтереміз деп отырған жастардың еңселері түсіп, үйленіп, тұрмыс құрудың өзінен зауқы қашып, әре-тәре күй кешеді. Енді тойдан құтылып, үй болдық па дегенде, «келіннің оқуы» ойға түседі. Оның ақысын кім төлейді? «Келін мен ене үйлесімсіздігі» пайда болады. Бұған біреулер жас күйеуді кінәласа, тағы біреу мәселені жас келіннен көреді.

Осылар секілді көптеген ірілі-ұсақты түйткілдер туындамай тұрмайды. Жаңа шаңырақ көтерген жастардың өзара сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай, ана болуға, әке болуға дайындығы бар ма, алдарына қандай мақсат қойып отыр, жоспарлары қандай деген сияқты маңызды сауалдар әлгіндей алашапқын істердің арасында назарға ілікпей қалып жатады. Елімізде барлық отбасылар осындай демейміз. Бірақ көптеп кездесіп жүрген жағдайлар осы. Оның бәрі «қатардан қалмау» деген ұранның саясында жүріп отырған болса керек. «Қызыңның қалыңмалы қанша болыпты», «тойға неше алтын әкеліпті» деген сауалдар қойылғанда, ата-ана жерге қарап қалмауы керек. Міне, материалдық дүниелерді жастардың келешек өмірінен артық қою деген мәселе осылай басталса керек. Үй болуға бекінген талай жастар осы жағдайларды айтып шағым жасайды.

Ата-аналар, құдалар осы айтылғандарға көңіл бөлсе екен дейміз. Адамның құны алтынмен өлшенбейді. Берілген қалыңмал сөздердің қыздарыңыздың бағасы емес. Бұлай өлшеу кісінің қадірін білмеу, тіпті оны қорлау дегенмен парапар түсінік. 

Құрметті жас жұбайлар! 

Сіздер қосақтарыңызбен қоса ағарып, бақытты болу үшін қадам басып отырсыздар. Жер бетінде үлгілі ұрпақ нәсілін жалғастыруға ниет еттіңіздер. Біріңіз әке, біріңіз ана болуды үміт етудесіз. Сіздер бұл дүниеде ғана емес, арғы өмірде де бірге болатын мәңгілік жарсыздар. Ендеше, мәңгілік бақытыңыздан болмашы нәрсеге бола ажырап қалмаңыз. Сіздер мәңгі бақи осылай жап-жас болып тұра бермейсіздер. Құдай өмір берсе, беттің әрі таятын, білектің күші әлсірейтін күндер де келеді. Араларыңыздағы сүйіспеншілік арқаны соған дейін үзілмей баруға тиіс. Байлық, дәулет, материалдық жағдай да қолдарыңызда мәңгібақи тұра бермейді. Ол да азайып, таусылатын кездер болады. Олай болса, тәннің сұлулығы да, байлық, дәулет, мансап та толық бақытты болу үшін жеткіліксіз.  Демек, бұл аталғандар бақытты отбасының іргетасы бола алмайды.

Отбасыңыз – сіздің бақытты құтханаңыз, бұл дүниедегі жұмағыңыз болуға тиіс.

Жанұяның мәңгілік жарасымы үшін жұбайлар арасындағы сыйластық пен құрмет, адалдық пен әділдік, өзара сенім, сүйіспеншілік, ар-намыс пен тазалық, бәрінен бұрын Құдайдан қорқатын тақуалық пен терең имандылық қажет. Осындай рухани құндылықтарға мән бермей бақытты бола беремін деу бос әурешіліктен әрі аса алмайды.  Алайда отбасының іргетасы жақсы болумен мәселе бітпейді. Оның әрі қарай дұрыстап дамыту да өте қажет істерден. Бұл жайлы келесі дәрістерде айтылар. Алла Білуші.

    Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Бақытты шаңырақ сырлары. 4-сыр: Өзара сыйластық
Бақытты шаңырақ сырлары. 5-сыр: Жақсылықты көре білу
Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 

Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 

Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 

Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін
Үйлену де құлшылық
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Уарақа ибн Нәуфәл
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Зубәйр ибн Әууәм
Жарығым (эссе)
Әйелдер туралы
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ «ЖИҺАДЫ» ҮЙІНДЕ
Қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі

 

 

 

0 пікір