Үй болудың сабақтары
Үй болудың сабақтары
24.04.2015 12:41
7269
0

  3 – сабақ

         Бойдақтық – бостандық па, әлде міскіндік пе?

     Қазіргі қоғамымызда сүрбойдақтар мен кәрі қыздардың көп екені жасырын емес. Ертеде кедейлер, беретін қалың малы болмағандар үйлене алмай жүріп қалған. Ол түсінікті шығар. Ал қазір ше? Қазіргі сүрбойдақтардың әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Сондықтан олардың көбеюінің себебі материалдық жағдай болмаса керек. Үйленуді бейнет көріп, дүние байлығына қол жеткізуді мақсат санайтындар көбейіп келеді. Шариғат заңдары мен рухани тәрбие, қазақи салт-дәстүр материалдық жағдайдың табанында жаншылып жатыр қазір.  

  Үйленуге не кедергі?

Үйленбей жүргендердің уәждеріне құлақ түрсек:

қазіргі қыздар мал-дүниеге қатты мән береді;

түр-келбетіңе қарайды;

көп нәрсе талап етеді;

қалағандарын жасатқысы келетін көкірек мінездері бар;

қалың мал, құдалық, киіт, той сияқты шығындардан қорқады, т.с.с 

Қыздардың тұрмысқа шығуларына не кедергі?

ерлердің үйлену үшін емес, көңіл көтеру үшін жүрулері;

мансапты қыздарды қалауы;

таныстыратын «жеңгелеріміздің» азайып кетуі;

    «Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жанымен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой». (Ғ. Мүсірепов)
    Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Жұбайы болмаған адам – міскін» - деген. Бұған: «Ей, Алла Елшісі, мал жағынан бай болса да ма?» деп сұрағанда Расулла: «Бай болса да» деп жауап берді. Байқадыңыз ба? Алла Елшісі бойдақ адамды міскінге, кедейге жатқызып отыр.
    Қазақ ұғымында «екінші байлық – ақ жаулық» деп жұбайды байлық деп есептейді емес пе?
    Тағы бір хадисте: «Үйлену ырзығыңды арттырады» делінген. Құран сөзін өмір салтына айналдырған қазақ халқы: «Екі жасты қосқанның сауабы бар, дос арасын ашқанның обалы бар» -дейді. Қыздарды тұрмысқа бермей, отырып қалудың зияны жайлы: «Қызыңды ерге бермей ұстама көп, өлерсің ауырмай-ақ құстана боп» деген.
    Сонымен, бұл проблеманың бірден-бір шешімі – иманымыз бен шариғат заңдарына сүйене отырып шаңырақ көтеру.
   Өмірлік серік таңдауда сұлулығы, дүниесі немесе мансабына емес, оның адамгершілік қасиеттеріне қараңыз. Ертеңгі күні балаларыңызға жақсы әке, ардақты ана бола алатын жанды таңдаңыз. «Жақсы әйел – теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас» деп дана халқымыз текке айтпаса керек. 

 

 

Ұқсас материалдар

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ

Үй болудың сабақтары.  2-сабақ

Үй болудың сабақтары. 4-сабақ

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап

Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр: Анық мақсат

Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)

Үйлену - Алланың ұлы заңы

0 пікір