СҮЙІКТІМЕ ХАТ!
СҮЙІКТІМЕ ХАТ!
19.07.2019 10:35
761
0

-Егер сенің арқасүйерің болғанымды қаласаң, мықты жігіттің жары болғың келсе, онда басынан-ақ менің алдыма шығып кетпей, мені сыйлап, мені өзгелердің алдында құрметтеп, керек кезде тыңдап өмір сүр. Себебі, отбасы да шағын мемлекет секілді ғой, онда міндетті түрде біреуі басқарушы, ал екіншісі бағынушы болады.

-Егер мен басқаны сүйгенімде сені жарым деп қалап алмас едім. Мен сені таңдадым. Көп қыздың ішінен саған үйлендім. Ендеше, азғырушы шайтанның айтағына ерме. Маған сен, арқа сүйе.

-Маған адал бол.  Әйел адам – ер адамның намысы екенін ұмытпа. Арың таза болса, Алла сені кез келген қиындықтан алып шығуға Құдіретті екенін естен шығармағайсың.

-Мені ұятқа қалдырма. Өмірімді сенімен бірге өткіземін деп таңдаған қосағымсың. Ендеше, мен ұялатындай іс жасап, өзгелердің алдында менің абыройымды төкпе. Екеуіміз кездескенімізге, танысқанымызға, үйленгенімізге, осы күнімізге еш өкінбейтіндей етіп күн кешейікші!

Үйге жайлылық орнатуға тырыс. Кез келген үйдің жылуы мен гүлі – әйел адам. Бұл - сенің өз үйің. Ендеше, өз үйіңді өгейсінбе. Екеуіміз бірігіп көтерген шаңырақты дәл солай бірге ұстап тұруға, керегесін кеңейтіп, ішін нұрға толтыруға барымызды салайық.

Мені алдама. Арамыздағы сенімді жоғалтып алмауға тырысайық. Ер адам әйелінің еркелігін, кейбір ауыр мінездерін көтеруі мүмкін, алайда, ол өтірікті кешіре алмайды. Осыны ұмытпа.

Өз үйіңді тастап кетпе. Бағана айтқанымдай, сенің өз үйің – осы. Ал ата-анаңның үйі - ол тек өскен ұяң. Өз ұяңды өскен ұяңа айырбастама. Қандай қиындық болмасын, біз оны Алланың қалауымен бірге жеңіп шығамыз✊️Сен осыған сен. Осы айтқандарымды орындап, адал жар бола алсаң, мен де сенің арқасүйер азаматың ретінде өз қолымнан келгенше сені бақытты етуге барымды саламын. 

Сәлеммен, СЕНІҢ КҮЙЕУІҢ!

 

Асыл арна

 

0 пікір