СОЛ ҚЫЗДЫҢ КЕБІН КИІП ҚАЛМАСЫҢА КІМ КЕПІЛ?...
СОЛ ҚЫЗДЫҢ КЕБІН КИІП ҚАЛМАСЫҢА КІМ КЕПІЛ?...
26.03.2020 09:51
382
0

Өзгеге қызық көрінер, бірақ өзіме ата-апаммен әңгіме дүкен құрғанды, сол кісілердің әңгімелерін тыңдағанды қатты ұнатамын... Атам сонау қазағымның басынан өткен тауқыметі жайлы көп әңгілелеп беретін. Ал апам сол болашағым туралы көп сөз қозғайды. Болашақ ана екенімді.. тәрбие туралы көп айтады.

Бірде апам махаббат деймісің? Пішту, не дейді мына қыз.. а?
Тыңда қызым.. деп бастады апам әңгімесін.

-Қызым-ау, бізде жас болдық.. Бізде бір адамды жақсы көрдік, біздің де ұнатқан адамымыз болды. Бірақ үйдегі қатал тәртіп, бізді шектен шығудан тыйып отырды. Әкеміздің қаталдығынан.. Анамыздың қас-қабағынан қатты сескенетінбіз. Ал қазіргі кезде әлгі не дейт..? Лубоп пе еді?- деп мырс етіп күлді де сөзін жалғады. Иә қызым қазіргінің махаббаты, махаббат емес.. Сенің де жақсы көріп жүрген адамың бар шығар бәлкім ә ? Айта ғой..?- деді күліп.))
-Ооой қойыңызшы апау, қайдағыны айтпай деп төмен қарап жымиып қоям.. 
- Әй қызым сен мені олай алдама.. Мені ешнәрсе білмейді деп ойлайсыңдар-ау осы..Сенің әкеңді, әкеңнің қарындас бауырларын өсіріп жеткіздім. Әліде алжи қоймадым. Қызым-ау сен әлі тым жассың. Жігіттер қауымы жайлы ойлауға әлі саған тым ерте қалқам. Әлгі әр жерлерде  болып жатырған оқиғаларды білесің ғой?! Туыла салысымен, мәшіне(көлік) терезесінен ұшқан сәби, қоқыс жәшігіне, әжетханаға тасталған сәбилер туралы..

-Иә апау білемін ғой. Бірақ оның маған не қатысы бар?! Осы түсінбеймін сіздерді.. Неге айта бересіздер сол жайлы..?

- Әй қызым, сол қыздардың кебінін киіп қалмасыңа кім кепіл? Сен олай ашуланба.. Мен айтамын.. Айту менің парызым. Жігіттерге көп жақындама. Жыртың-қыртың еткенді қой. Өзіңді қалыпты ұстап жүр.. Сенде бой жетіп қалдың. Ар деген қыз баланың байлығы бар. Сол байлығыңды бағалай біл. Арың болмаса еш қадірің болмайды. Күнім-ау мен саған жамандық тілемеймін ғой.. Апаңның ақылын тыңда ботам. Жәнім ашығандықтан айтамын ғой мен. Қазір анаң жұмыс басты болып кетті, әкеңніңде сендерге көз қырын салып қоюы сиреп кетті. Ақылың бар қызсың, жақсылап ойлан қызым.. Көп сөйлеп кетсем бұртима. Осы мылжың апаңның әңгімесін әлі-ақ сағынатын боласың. Менде жасы келген кемпірмін.. Бір аяғым төрде, бір аяғым көрде. Қызым мені тыңдасаң, жаман болмайсың қалқам.. -деп сөзін аяқтады.

Мен үн-түнсіз отырып тыңдадым. Кейіннен кейін ойланып қарасам, апамның айтқандары жөн екен.  "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" -деп бекер айтылмаған екен ғой. Осындай ақыл-кеңес айтып отыратын апа-аталарымыз аман болсын..!

Арай Мұратқызының фб парақшасынан

 

0 пікір