СЕН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІСІҢ!
СЕН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІСІҢ!
22.01.2021 00:13
1291
0

    - Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.

-         Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.

-         Әйел адам көп алдында керілмейді.

-         Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.

-         Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды.

-         Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.

-         Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.

-         Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік.

-         Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.

-         Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды.

-         Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған.

-         Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді.

-         Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды.

-         Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді.

-         Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған.

-         Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған және оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген.

-         Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті.

-         Қазақ әдетінде әйел мал бауыздамайды. Қиын жағдайда кішкентай да болса еркек баланың қолына пышақты ұстатып бауыздайды.

-         Әйел дұғаны ішінен оқиды.

-         Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді.

-         Әйел ерте тұрады.

-         Әйелге ер адам атқаратын міндеттер жүктелмейді.

-         Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адамға бажырайып қарай бермейді.

-         Жүкті әйел ауыр көтермейді.

-         Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді.

-         Бала емізіп отырған әйел, омырауын басқаға көрсетпейді.

 

Дереккөз: Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті

Гүлшат Сейітмағанбетованың Фейсбук парақшасынан

 

0 пікір