Сәресінің сәні-майсөк
Сәресінің сәні-майсөк
10.06.2015 10:42
15520
0

        Майсөк – халқымыздың ұлттық тағамдарының бірі. Рамазан айында таптырмас дәм, ауыз бекіткен адамның күні бойы тоқ жүруіне көмектеседі. Жасалуы оңай, дәмді әрі тойымды бұл астың адам ағзасына тигізер пайдасы да жетерлік.

       Ендеше, жасалу жолына назар салыңыз: 

       Керекті заттар:

       Тары, сүт, қайнаған су, тұз, қант, сары май; 

       Дайындалуы: 

  1. Тарыны тереңдеу ыдысқа салып үстіне қайнаған су құямыз. Суды сүзгішті ұстап тұрып төгіп тастаймыз. Осылайша үш рет қайталаймыз. 
  1. Содан соң ыстық сүт құйып ыдыстың бетін жауып 20 минут бұқтырамыз. Сүт тарыдан сәл ғана асып тұруы керек. 
  1. Жақсы бұқтырылған тары жұмсарып, сүт толығымен тартылады. 
  1. Тарымыз суымай тұрғанда бір шымшым тұз, дәміне қарай қант (тәттіні жақсы көрсеңіздер көбірек салсаңыз болады), сары май қосып жақсылап араластырамыз. 
  1. Бетін 2-3 минутқа жауып қоямыз. 

       Майсөгіміз дайын! Ас болсын!

 

Басқа мәзірлер

«НАПОЛЕОН» рулеті
 Таңғы асқа арналған құймақ
«Медовый» торты

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір